Алматыда балаларға жиі қойылған есімдер аталды

Алматылықтар балаларына қоятын ең танымал есімдер аталды, — деп хабарлайды Ел ана Tengrinews.kz тілшісінің ақпаратына сілтеме жасап.

Тіркеу және есімдерді өзгерту бойынша өткен брифингте спикерлер биыл балаларға араб есімдерін қою жиі байқалғанын айтты. Ата-аналар араб тілінен аударғанда мағынасы бар есімдерді таңдауға тырысады.

«2022 жылы танымал есімдер негізінен — Абай, Омар, Ислам, Әли, Мұхаммед, Дар, Алан, Альтаир, Хамза. Қыздар есімі — Томирис, Елиқай, Зере, Тоғжан, Амелия, Рамина. Егіз немесе үшем дүниеге келгенде ата-аналар баласына Қасым, Жомарт, Кемел деп ат қойған жағдайлар болды», — дейді тіркеу қызметінің әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Сыдықова.