АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АУРУХАНАЛАРЫНА КӨРСЕТКЕН КӨМЕКТЕРІ

Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе бұрында талай қайырымдылық шараларын жасап жүрген атымтай жомарттықтарын біз жақсы білеміз. Бұл жолы да ауруханаға берген қомақты көмегіне халық та, дәрігерлер де дән риза. Істеріңіз әрқашанда алға бассын, мырзалар!

«Ерлан Нығматулин грузиялық серіктесі Давид Кемертелидземен бірлесе отырып Қарағанды облысының ауруханаларына қажетті медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмектер берді. QazCarbon және YDD CORPORATION зауытының акционерлері аталған өмірлік маңызы зор медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмектерді қарағандылық медициналық мекемелерге өз ақшаларының есебінен Түркиядан сатып алған болатын»,— деп хабарлайды.

 

 

Атап айтқанда, Ерлан Нығматулин өзінің грузиялық серіктесі Давидом Кемертелидземен бірге Түрияда өндірілген 100 оттегілік концентраторларды Қарағанды облысының ауруханаларына жеткізіп, таратты. Бұлар — бүгінгі күні Түркия күллі Еуропаны қамтамасыз етіп отырған заманауи үлгідегі су жаңа аппараттар.Бұдан басқа коронавируспен науқастанғандарды емдеу үшін пульсоксиметрлер мен «Эноксапарин»препараты сатып алынды. Аталған емдік дәрі — COVID-19-пен науқастанғандар үшін нағыз таптырмас құтқарушы, бұл тікелей әрекет ететін антикоагулянт. Бұл препарат қанды сұйылтып, қанның ұйып қалуының (тромбтардың) алдын алады.

 

Ал олар коронавирус кезінде өлім-жітімге ұшырататын себептердің біріне жатады. Ерлан Нығматулин: «Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде бизнес мемлекеттің сенімді тірегі болуы тиіс деп санаймын. Сол себепті, біз коронвируспен алдыңғы шепте күресіп жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді азаматтық парызымыз деп санаймыз. Мен бәріміздің осы кезеңнен тезірек өтіп, бұрынғы тұрмыс-тіршілігімізге қайта оралғанымызды қалаймын»,— десе, Давид Кемертелидзе: «Бүгінгідей күрделі кезеңде біз дәрігерлердің иығына қаншалықты ауыр салмақ түскенін көріп отырмыз.

 

Мен, қарапайым адам және инвестор ретінде, бұл үрдістен тыс қала алмадым, сол себепті Қазақстандағы COVID-19 пандемиясына қарсы жүргізіліп жатқан жаппай күреске өзімнің үлесімді қосқым келді. Біздің қолдауымыз бен көмегіміз қазақстандықтардың тезірек сауығып кетуіне оң ықпал етіп, Қазақстан халқы бұл кезеңді лайықты түрде еңсеріп шығады деп ойлаймын»,— деді. Аталған көмектің арқасында енді Қарағанды облысындағы ауруханалар көбірек реанимацииялық шаралар өткізіп, тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеп, сапалы диагностика жасайды. Бұл Қарағанды облысының дәрігерлеріне бұдан да көп науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, пациенттерге қажетті ем-домды қажетті кезінде алуға жағдай жасары кәміл. Еске салсақ, 2020 жылы YDD CORPORATION Қарағанды ферросплав зауыты акционерлері — Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармухамед Аппаз төтенше жағдай кезінде мемлекеттік іс-әрекеттерге қолдау көрсету үшін құрылған облыстық қорға 100 миллион теңге бөлген болатын.

Zakon.kz