Абыройсыз өмірден абыройлы өлім артық…

Қыран құс бір күні қарғадан:
— Осы сенің ұзақ өмір сүруіңнің сыры неде? Ғасырды ғасырға жалғау үшін не істейсің? — деп сұрайды.
— Оның сырын білу үшін менің салтымды ұстан, — дейді қарға.
Қыран қарғаның сырына қанықпақ болып бір күнін соның жанында өткізеді. Сонымен…
Екеуі ағаш басына қонақтап, түрліні әңгіме қылып, уақыт кешіреді. Түс ауа екеуінің де қарны ашады. Азық іздеп қос құс көкке көтеріледі. Ұшып келе жатқан қарға бір жануардың өлексесін тауып, қонақтайды. Шұқып, қоректене бастайды. Қыран бір-екі рет тұмсығын үйкеп көреді. Қарғаға жиіркенішпен қарап:
— Өлексемен тамақтанатын ұзақ өмірдің керегі жоқ екен маған. Мен жемтігімді өзім аулап, жылыдай жеп үйренгенмін, — депті де жөнімен кетіпті.

P.S. Абыройсыз өмірден абыройлы өлім артық…