Ақжарма тілек

Құрметті жерлестер!
Қадірменді халық қалаулылары!
Күні кеше ғана елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа үміткерлердің сайлауы өтті. Жергілікті мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде дауыс беру арқылы таңдау жасады.
Осы ретте облысымыздың әр түрлі деңгейдегі халық қалаулыларына дауыс беруге белсенді түрде қатысып, мені қолдағаны үшін алғыс білдіргім келеді. Сонымен бірге ақжарма тілектеріңізге де ризашылығымды айтамын.
Алдағы уақытта өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары артқан сенімнің үдесінен шығуға барымды саламын. Сенат қабырғасында облыстағы шешімін күткен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенім білдіремін!

Сәкен Арубаев