Жазықсыз жапа шеккен Әлібиге АРАША!

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің назарына!

 

«Жалпы судьялардың қатарын тазалау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны байқалады. Бұл үдерісті мүлде тоқтатуға болмайды. Біз судьяларға деген қалыптасқан теріс көзқарасты өзгертуіміз керек. Фемиданың барлық қызметкері заңдылықтың, сатылмайтындықтың, кәсібиліктің үстемдік құруына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана біз құқықтық мемлекет және әділетті қоғам  құра аламыз».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

 

Әділдік іздеген әкенің жанайқайы жанымызды жай таптырмады

 

«Әлібиге әділдік» деген атаумен БАҚ-тарда да әлеуметтік желіде де көпшіліктің көңілін аударған, тіпті елге танымал өнер адамдарының да алаңдаушылығын тудырған мәселені жазуымызға «Qazaqstan dauiri» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызына Әліби Қаныбекұлы Өтепбергеннің әкесі Қаныбек Табышовтан келген өтініш хаты себеп болды.           Әліби Өтепберген

 

Әлібидің Әкесі Қаныбек Табышов

 

Бұл іске біз араласқанға дейін (1 жыл 7 ай) қазақ киноөнеріндегі ірі тұлға, абыз ақсақал Асанәлі Әшімов ағамыздан бастап, қазақты әлемге танытқан Димаштай ұл өсірген, өнердегі үлгілі жұп Қанат пен Света, қазақтың «Қыз Жібегі», ұстаз-анасы Меруерт Өтекешова,  Майра  Ілиясова,  Меруерт Түсіпбекова, Айгүл Иманбаева, Алтынай Жорабаева, «Алтын бала ТМ» директоры Мөлдір Мұқанова және елордадағы Қазақ өнер университетінің сол кездегі ректоры Асхат Маемиров бүкіл ұжымымен, достары, замандастары Әлібиді танитын, танымайтын түгел қоғам дерлік әділдік сұрап, Әлібиге араша түсті.

https://www.instagram.com/p/CCTWOE6jfuL/?igshid=1iw8lpnbyaoh0

https://www/?igshid=11k47bceuqv16

 

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100008500230541 (назарларыңызға ұсынылып отырған сілтеме арқылы Әлібиге берілген мінездеме мен нақты жағдайға қанық боласыздар). Қазақтың «Қыз Жібегі» ұстаз-анасы Меруерт Өтекешовамен бірге

Әліби Өтепбергеннің қорғаушылары Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары  Ахметжанова Алия Оралбековна,  Нурбаева Риза Габдуллаевна істі қайта тергеу жөнінде өтініш жазып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ҚР Жоғарғы Сотының  Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына халық қалауын жеткізгенімен, нәтиже болмаған. Әрине, біз бұл істе шешуші күш емеспіз, бірақ әділдіктің шырақшысы болу адамдық борышымыз…

 

Әліби крустастарының ортасында

 

https://www.instagram.com/p/CCRDv9PjvLA/?igshid=dlbcm8xwi5nz

«Әлібиге әділдік» іздеген қоғамның дауысы әкесінің хатына дейін-ақ бізге де жеткен еді. Ал нақты жағдаймен танысып, зерттеп, зерделей бастағанымызға 2 айдан астам уақыт ішінде әділдікке шөлдеген, жаны күйзелген, еңіреп, теңдік сұраған әкенің жанайқайы етжүрегімізді елжіретті. Араша сұрап жылаған әкені көрдік, арман-мұңын естідік. Істің ақ, қарасымен таныстық. Мұндай істі шешу біздің құзырымызда емес екенін ұқтық. Дегенмен, бауыр еті баласының жарқын болашағынан үмітті әкенің тебіренісін жоғарыға жеткізу парызымыз екенін түйсіндік. Жалғанда әкенің еңкілдеп жылағаны, бір отбасының тірегі қайғыдан қан жұтып, зар еңірегені қабырғамызға қатты батты. Жан жарынан ажырап, жаны күйзеле жүріп, «Анасы жоқ жетімге араша бола алмадым, анасының аманатын орындай алмадым» деп өзін-өзі мүжіген, өмірден түңілген, соттан жүрегі шайлыққан қамкөңіл әкенің жан жарасы санаға салмақ салған соң газет арқылы оқырманмен бөлісуді жөн көрдік.

Бір жарым жылдан астам уақыт өтсе де темір тордың ар жағындағы тауқыметті тағдырына жаны күйген халық та, достары мен замандастары да, ұстаздары мен қоғам қайраткерлері де бір сәтке болса да Әлібиді есінен шығарған жоқ, ұмытқан жоқ. Жүрек төрінде әлдилеп, сайттарға, әлеуметтік желіге, БАҚ-тарға, дауысы жеткен барлық жақтарға ниеттерін, тілектерін үнемі жариялаумен, айтумен келеді. Қолдау білдіруді толассыз жалғастырып жатыр. Әліби ісі әділ шешілмейінше, бұл толқынның тоқтайтын түрі байқалмайды. https://youtu.be/JoETvN1Z60g https://  www.instagram.com/tv/ CGxgjkujq3H/?igshid=1gbu1yj8iit78

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтен Әлібидің әкесі Қаныбек Табышов пен Сәуле Мешітбайқызын қоғамдық өкіл ретінде қабылдап, әкенің мұңы мен Ел анасы — Сәуле Мешітбайқызының өтінішін тыңдап, істі қайта тергеуге жіберсе деген үкілі үміт те бар.

Заманына қарай адамы дейміз бе, әлде адам заманға қожа дейміз бе… Әйтеуір бүгінгі қоғам басқа. Ұлттық құндылық бала тәрбиесінде басты бағыт-бағдар болудан алыстап бара жатқаны шындық. Ұят болады, Обал болады, Сауап болады деп, ұрпағын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген қайран ата-баба аманаты әдіре қалды, бүгінде! Балалардың қолында смартфон, әлеуметтік желі «әлем-жәлем» жолға түсіріп, адастырып барады. Әлібиге жала жабылардан 3 күн бұрын осы «Восток-Ақтөбе» жазғы лагерінен балаларды тәртіпке шақырғаны үшін қатты сөйледі деп Дәурен Мажитов жұмыстан шығарылған. https://www.instagram.com/p/CB5CPtlDTtE/?igshid=rpxgcmt4yohu

Тәрбиеші Дәурен Мажитовтың орнына келген Әлібиге қарсы «спектакль-қойылым» ұйымдастырған балалардың ойдан құрастырған ойыны, өрімдей жастың өмірін ойрандап, өкінішке ұрындырарын кезінде ешкім ескермегені де белгілі.

 

 

Әліби Өтепберген

 

https://www.instagram.com/tv/B_A9fheDeWu/?igshid=1fe48ytf0l4fy

https://www.instagram.com/tv/CBIgGWdDr8l/?igshid=1cev33rm4dpok

 

Әділетсіз сот Әлібидің болашағына балта шаппасын!

 

«Ойыннан от шыққанын» дер кезінде түсінген балалардың ата-аналары болмағанды болды деп ағаттыққа ұрына жаздағандарын айтып, өз пікірлерін әлеуметтік желі мен инстаграмға жазып, кешірім сұрап, ақталып жатты. Сот бірнеше мәрте түрлі сатыда қайта-қайта өткенімен, үкім өзгеріссіз қалып, Әліби жазықсыз жазаның құрбаны болды.

https://www.instagram.com/tv/CBsZx3djTdG/?igshid=6tqw31rzga8g

http://prokuratura.gov.kz/

Балаларының бір ауыз еркелігіне бола, ойланбай шу шығарғандарының кесірінен істің насырға шапқанын кеш түсініп, арызданған ата-аналар сотқа өздері хабарласып, сотқа да қатысып, балаларының «барлығы өтірік, ойдан шығардық» деп айтқандарын мойындағанын назарға алғысы келмей, естімей отырған қандай сот!? Көз көріп, құлақ естіп отырып, осылай жазықсыз жанды соттатып жібере береміз бе!? Әділдік қайда!? https://www.instagram.com/tv/CBbJPfyA6PA/?igshid=jp1s9otjg04c

 

 

Әліби ұстаздарымен бірге

 

Шындық іздеп, шырылдаған қаншама жазықсыз жандар темір торда отыр дейміз, күрсініп… Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жоғарғы сот кеңесінің бұрынғы мүшесі, сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы болған, 30 жылдық еңбек өтілі бар, жоғарғы соттың судьясы ұсталды. Бұл оқыс оқиға жұрттың бәріне белгілі. Жоғарғы сот кеңесінің және Жоғарғы соттың басшылықтары осы оқиғадан сабақ алып, қажетті шешім шығаруы керек деп ойлаймын. Осы кезең ішінде Сот қазылары алқасының шешімімен 29 судья теріс іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылған», -деп, 30 жылда қара қылды қақ жарар әділ соттың қалыптаспағанын атап өткенін бүкіл халық естіді.

https://m.sputnik.kz/society/20210212/16277903/Toqaev-Osydan-birer-kun-buryn-masqara-zhagday-boldy.html

Мойындайықшы ағайын, Әліби ісі сол әділетсіздіктің, әділдікті белінен басқан соттардың анық ісі екеніне көзіміз жетті ғой. Біздің құқық қорғау қызметкерлеріміз арманы асқақ, арқа сүйер азамат болып өсіп-жетіліп келе жатқан жастың тағдырына, ертеңгі жарқын болашағына балта шапқаны шындық. Бауыр еті баласы үшін жанұшырған Қаныбек Табышовтың ең соңғы үміті Алладан кейін Бас прокуратурада, істі  қайта тергеуін сұрап жылағанда етегі жасқа толып жалынады, қайран әке. https://www.instagram.com/tv/CBF9dKkje-4/?igshid=1v8b9yd9ax7ix

«Өзі диуана, кімге пір болмақ» деп, әділетсіз соттан түңіле бастағанымызда, мемлекеттік деңгейде ащы болса да әділ соттың ауылы алыстағанына күйінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Еліміздегі күрделі ахуалды пайдаланып қалуға тырысатын қылмыстық топтардың кез келген іс-әрекеттерін бесігінде тұншықтыру керек», -деп ашынуын жақсылыққа жорыдық. Президенттің Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөнінде берген тапсырмасына орай Бас прокуратура жұмысты құқық қорғау органдарымен, арнайы мемлекеттік органдармен және әділет министрлігімен үйлестіре отырып, атқаруы тиіс. Аталған мәселеде қоғам пікірін, қоғам белсенділері мен сарапшылардың ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажет деп қатаң ескерту жасағаны «Әлібиге әділдік» сұраған көпшіліктің үміт шырағын қайта жаққанын жасырғымыз келмейді. https://www.instagram.com/p/CFKh6F6je3N/?igshid=1qb7b9nps9xl4

 

Ойдан құрастырылған ойын өрімдей жастың өмірін ойрандап кетсе, зор өкініш…

 

«Баламның табанына кірген шөгір, маңдайыма кірсін» деп жаны күйзелген әкенің айтуынша, желкілдеп өсіп, енді ғана жетіліп келе жатқанда жан шуағы панасы, арқа сүйер анасынан айырылған Әліби үмітін үкілеп, арман қуып аcтанаға аттанған. Әліби өнер жолын таңдап, оқуға түседі. Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің 3 курсын бітірген жылы жазда (2019 жылы) туған қаласы Ақтөбеге барып, еңбек етіп қосымша қаржы табу мақсатында «Восток-Ақтөбе» жазғы лагеріне тәлімгер болып орналасып, 4 күн жұмыс істейді. https://youtu.be/JoETvN1Z60g

 

 

Әліби Қазақ Ұлттық өнер университетінде

 

Әлібидің әкесі Қаныбек Табышов: «Менің балам Әліби Өтепберген 25 шілде күні күндізгі уақытта асханада  орыс  ұлтының екі баласына өзі жетекшілік ететін топтың қазақ балалары  аузымен су бүркіп, бұзақылық жасағандықтан, балаларды тәртіпке шақырғысы келіп, «би кешінің» уақытын қысқартып, жатын бөлмелеріне ұйықтауға кіргізген. Сол уақытта балалар ағайына ашуланып, ата-аналарына телефон соғып, «бізді қамап қойды», «күнде бізге тиіседі» деп хабарлама жазған. Содан кейін ата-аналары лагердің ішіне баса көктеп кіріп, мән-жайды түсінбей айқай-шу шығарған. Әлібиге күш көрсетіп, ұрған.

2019 жылдың 25  шілдесінде  түнгі сағат 23:00-де Әліби Өтепбергенді Заречный учаскелік полиция бөліміне  алып кетеді. Сол күні түні бойы балам қамауда отырды. Негізі заң бойынша 3 сағат қана ұстауға құқығы бар. Ал менің баламды 24 сағат заңсыз қамайды, заң қайда? https://www.instagram.com/tv/CBDIxIHDfq6/?igshid=14qelctlnwgks https://www.instagram.com/tv/CBL9GD5jMoH/?igshid=1fcmkpjfk3nh

Шілденің 26-сы  күні  таңертең сағат 10-да маған хабар келіп, учаскелік бөлімге бардым, бірақ маған баламды көрсетпей, болған жайды түсіндірді. Баламнан қорғаушысыз жауап алынған. Осы бөлімшеде кешкі сағат 19:00-де  тәуелсіз қорғаушының қатысуымен бейнебақылауы жоқ бөлмеде балама 124/1 бабы бойынша айып тағылғанын баяндаған. Сол күннің өзінде тергеуші қылмыс болды ма, болмады ма тексермеген. Содан істің дәлелденбеуіне байланысты түнгі сағат 23:00-де баламды үй қамаққа босатты. Бірақ дәлел құжаттары болмаса да, баламды бір күнде жауыз қылып  шығара салды. Дәлел  құжаттары қайда? «Бұл ойыншық емес, адам өмірі ғой! Менің баламның тағдыры! Баламның тағдырына бей-жай қарап, осындай заңсыз әрекеттер орын алып жатқанда «бұл заңсыз, Әліби тергеу туралы қаулымен танысуы керек, өзіміз заң адамымыз ғой, әділ болайық» дейтін бір қазақтың баласына жаны ашыған әділ қызметкердің болмағаны ма?!  Мен, ең алдымен  баламның әкесі ретінде, сотқа қатысқан қорғаушысы ретінде осындай тергеу тобы жіберген қателіктерді сот төралқасы  қайта қарап, әр дәлелге мән берсе екен деп шырылдап жүрмін» дейді. https://www.instagram.com/tv/CBVmyKqgB6_/?igshid=1mi18bn45l5ds     http://madeniportal.kz/

Назарларыңызға ұсынылып отырған сілтеме даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген өсиетін серік еткен Әлібиді қаралап, тәртіпке бағынғысы келмеген балалардың еркелігі «түймедейді түйедей қылып», бүкіл қоғамның назарын аударған жағдайға жеткенінің айғағы.

Иә, лагерьде лаң салды деп айыпталып, 10 жылға сотталған тәрбиеші Әліби Өтепбергеннің ісіне қатысты тың деректер күн санап, тіпті сәт санап айыпталушыны даттап емес, ақтап бүгінге дейін үздіксіз жалпақ жұртқа жария болып жатыр. Мән-жайға қаныққан сайын қаралаушылар емес, ақтаушылар қатары артып келеді. Арызданған ата-аналар тікелей эфирде сұхбат та берді. «Еуразия-1» арнасының «Басты прайм» бағдарламасы кезінде тікелей байланысқа шығып, не себепті ойларынан айнып, арыздарын қайтып алғандарын  да айтты.

 

Ұстазға құрмет!

 

https://youtu.be/UqHOdU1oTvk, https://youtu.be/LVbizJIvbh8

https://www.instagram.com/p/CIOi6A1D0l9/?igshid=ekxv37obyw15

 

Дәрменсіз қорғаушы, айғақсыз айып…

 

Нұр-Сұлтан қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары Ахметжанова Алия Оралбековна, Нурбаева Риза Габдуллаевна  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Ақтөбе қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылғы 26 наурыздағы үкімі мен Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 8 маусым күні күшіне енген қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтініш берген. http://prokuratura.gov.kz/

 

 

Әліби әкесі Қаныбек Табышовпен бірге

 

Шындыққа жете алмай шырылдаған қос қорғаушы Ахметжанова Алия Оралбековна мен Нурбаева Риза Габдуллаевна айғақсыз айып тағылған талантты ұлдың тағдырын талқыға тастап, қарап отыруға қақымыз жоқ дейді. Қорғауындағы Әлібиді айыптайтындай ешқандай да заңға қайшы әрекеттің жоқтығын да, айыптаушы тарап 1 жыл 7 ай өтсе де айтқандарын дәлелдейтін бір айғақ көрсете алмаса да, жапқан жалаларын мойындап ата-аналар арызын қайтарып алып жатса да, «аққа Құдай жақ» екенін ескермеген тас кереңге айналған сот тарапына айтар уәжі көп-ақ. Естір құлақ болса, Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының  Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына өтініш те жазды.

 

Қорғаушылар жазған өтініш хат

 

Ақтөбе қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылғы 26 наурыздағы үкімі мен Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 8 маусым күні күшіне енген қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 08 маусым 2020 жылғы қаулысымен Ақтөбе қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының 26 наурыз 2020 жылғы үкімі өзгеріссіз қалдырылып, қорғаушылардың аппелляциялық шағымы қанағаттандырылмағандықтан, 1997 жылы 19 наурызда дүниеге келген Өтепберген Әліби Қаныбекұлы ҚР ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Қорғаушылар тарапы қылмыстық–процессуалдық заңның елеулі бұзылуы орын алуына байланысты соттың үкімімен және аппеляциялық алқаның қаулысымен толық келіспейді.

Сот актілерін заңсыз және негізсіз деп санаймыз. Себебі, соттың шығарған тұжырымдары іс жүзіндегі дұрыс маңызы бар деректі жағдайлармен сәйкес келмейді. Қылмыстық процессуалдық заң қате қолданылған. Осы қылмыстық іс бойынша дәлелдердің растығы мен нақтылығына  жөнсіз баға берілген.

Соттың тұжырымдары істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар іс жүзіндегі мән-жайларына сәйкес келмейді.

Біріншіден. Тергеу барысында және сот отырысы кезеңінде «Ақбөбек-Восток» лагерінің тәрбиешісі, куә Н.А.Бахитжанның берген жауабы тексерусіз қалған, үкім шығарар кезде мүлдем ескерілмеген.

Нақтырақ, куә Н.А.Бахитжан өз жауабында, ол сотталған Ә.Қ.Өтепбергенмен бірге 7-ші жасақта тәрбиеші ретінде бірге жұмыс жасағанын айтқан. Ол аталған жасақтың қыз балаларын қараса, ал сотталған Ә.Қ.Өтепберген ұл балаларын қадағалаған. Н.А.Бахитжан Ә.Қ.Өтепбергеннің бойынан ешқандай заң бұзушылықты байқамаған, оғаш мінез көрмеген, жақсы мінездеп берген.

26 наурыз 2020 жылы Актөбе қаласының ауданаралық сотының шешімімен 19.03.1997 жылы туған Өтепберген Әліби Қаныбекұлы ҚР ҚК 124 бабы 3 бөлігі бойынша кінәлі танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 08 маусым 2020 жылы Ақтөбе облыстық қылмыстық істер сот алқасының қаулысымен сот Үкімі өзгеріссіз қалып, аппеляциялық шағым қаңағаттандырусыз қалдырылды.
Қорғау тарапы соттың үкімімен және аппеляциялық алқанын қаулысымен қылмыстық–процессуалдық заңның елеулі бұзылуы орын алуына байланысты толық көлемде олармен келіспейді. Сот актілерін заңсыз және негізсіз деп санаймыз, себебі соттын шығарған қорытындылары іс жүзіндегі дұрыс маңызы бар жағдайлармен сәйкес келмейді, қылмыстық процессуалдық заң қате қолданылған, осы қылмыстық іс бойынша дәлелдердің растылығына дәлелдердің орындылығына жөнсіз баға берілген.

Біріншіден. Сот тергеу барысында «А» лагерінде тәрбиеші болып жұмыс істеген куә А. Б көрсеткен жауаптары тексеруден откізілмеген және үкімді шығаруда еш ескерілмеген жеке алғанда Н.Б өзінің жауаптарында ол Өтепберген Әлібимен 7-інші топта бірге тәрбиешілер болып бірге жұмыс істегенін айтқан. Ол қыздар тобын қараған, ал Әліби ұл балалар тобын қараған.

Соңғының әрекеттерінде ол жұмыс барысында еш бір ауытқулармен заң бұзушылықтарды байқамаған, ол Өтепберген Әлібиді тек оң жағынан сипаттады.
25 июля 2019жылы 7 топтың ұл балалары шулап лагерь қызметкерлерін тыңдамай бұзақылыққа орын берген, сонда ол сотталған Өтепберген Әліби екеуі тәрбиешілерді тыңдамағандары үшін жазалау деп оларды дискотекага кіргізбеген. Сол түні 26 шілде 2019ж. лагерге балаларына ата аналар келген кезде лагер корпусында отырған Т А, К О және басқа 1-2 бала өзара сөйлесіп отырғанда «мы собираемся судить дядю Алиби, и я буду играть в главной роли» деп айтып қалған, сол әңгімені қыздар естіп қойған. Сол туралы қыздар Н.Б айтып барған, олар Алиби ағаның кінасы жоқ, осы шуды оларды ол дискотекаға кіргізбегендері үшін көтерді деп айтқан.
Осы істі елеулі және толығымен өзгертіп айғақтайтын қыздардың жауаптары және куә Н. Б жауаптары сотқа дейінгі тергеу барысында және көп мәрте өткізілген сот отырыстарында зерттелмеген.
Жеке алғанда жоғарығыдағы айтылған мәліметтер бойынша кәмелетке толмағандар Т А и К О жауаптар алынбаған.
Сонымен қатар, жәбірленушілер АТ и О К-дың қасында болған кәмелетке толмағандар анықталмаған және осы факты бойынша олардан жауаптар алынбаған.
​Куә Н.Б ұл балалардың азамат А.Қ.Өтепбергенге жала жапқандары туралы айтып жеткізген 7-отрядтың қыз балалары анықталмаған және жауаптар алынбаған.

Екінші. Алдын ала тергеу барысында жауап берген кәмелетке толмағандар О К и А Н былай көрсеткен: «Когда купались в душе, осужденный Өтепберген Әліби прикасался своим половым членом сзади мальчику по имени Ш». Алайда, Ж Ш олардың осы жауаптарын растамады.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған жәбірленуші Т А жауаптары бойынша сотталған Өтепберген Әліби су-душ қабылдау кезінде түгел ұл балалардың жыныстық мүшелерін ұстады деп жауап берген, бірақ өзі шешінбеген күйде, киіммен жүрді деп көрсеткен. Алайда оның осы жауаптары іс бойынша басқа куәлардын жауаптарымен расталмаған.
Жоағрыда мазмұндалған дәлелдер кәмелетке толмағандар Өтепберген Әлібиге қарсы жалған жауаптар бергендерін дәлелдейді және растайды..

Үшіншіден. Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жауаптарына депонирование жүргізу барысында ҚР ҚПК заңына қатысты өте маңызды бұзушылықтар жібергендері
Қылмыстық істің бар материалдарында жауаптарды депонирования жасау кезінде сот отырысын АВФ қарасақ прокурордың сұрақтары қажеттілігіне жарайтын жауаптарға итермелеу орын алған және қойған сұрақтарына ол өзі жауап беріп отырған. Тіпті Тергеу судьясы осыған көңіл аударып прокурордың сол кездегі әрекеттеріне ескерту жасаған.
​ҚР ҚПК 217 б. басшылыққа ала отырып, тергеу судьясы кәмелетке толмағандарға психикалық травма келтірмеу үшін кәмелетке толмағандардан одан әрі жауап алуларды жүргізбеуді анықтады.
Алайда, бізге түсініксіз болып отырғаны егер кәмелетке толмағандар А.Н, Д.Б., О К және А. Т әрі қарай жауап алуды травмалық әсер әкеледі деп шешуі, егер іс материалдарында психологтармен басқа да сарапшылардың қорытындылары болмаған жағдайда және соны көрсететін психикалық травма түсіретін, іс материалдарында психологтардың қорытындылары, шешімдері жоқ болған жағдайда кәмелетке толмағандардан жауап алулар бойынша қандай объективті негізде қорытындыға келген.
Сотқа дейнгі тергеу барысында кәмелетке толмағандарға тергеу судьясында бар дәлелдердің негізінде олардың психо-эмоциалдық жағдайларын анықтау мақсатымен сот-медициналық сараптама тағайындаған. Сот сарапашысының қорытындысы бойынша, сарапшы қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған Себебі, вербалды және вербалды емес мәліметтердің бақылау бейне камерасындағы жазылған бейне жазбалары көрінбейді.
Осы сот психологиялық криминалистикалық қорытынды істі дұрыс шешуге өте маңызды еді, себебі сот-психологиялық-криминалистік сараптама шеңберінде тергеу өңдірісін жүргізудегі ықпал жасау фактілерін анықтау және адамның психологиялық-эмоционалдық жағдайын өзгерту мақсатында мәселелері шешіледі
Осыған байланысты сотқа бейне жазбаларды қолданып жауаптар алып және қайталап сот психо–эмоционалдық. сараптама жүргізуді тағайындауды қажет еді.

Төртінші: Сонымен бірге 03.10.2019ж. №432 сот-сексолого-психолого психиатриялық сараптамасының қорытындысына сай Өтепгерген Әліби Қаныбекұлы бұрын, қылмыс жасаған кезде және қазіргі уақытта (зерттеу сәтінде) қандай да бір психикалық бұзылысқа шалдықпаған, сонымен қатар жыныстық басымдылығының педофилия түрінде бұзылу белгілері және жыныстық саласының аурушандық бұзылыстары анықталмады. ​Ә.Өтепбергенде сексуалдық елігушілігі бағыттылығының жеке-дара ерекшеліктері байқалмады.
Ә.Қ.Өтепбергенде кәмелетке толмағандар мен жас балаларға қатысты сексуалдық басымдылығы анықталмады.
(том 3. 161-165і.п.)
Осы сарапшының қорытындысы Әліби Өтепбергеннің әрекеттерінде қылмыстың құрамы мен қылмыстық оқиғаның жоқ екендігін растайды..

Бесінші. Сонымен қатар, соттар алдын ала тергеуде орын алған бұзушылықтарға көңіл аударып зейін қоймаған, осының нәтижесінде екінші инстанциядағы сот үкімді сол күшінде қалдырған.
​ҚР ҚПК 112б 4б сәйкес,іс жүзінде қылмыстық процессуалдық заңды бұзушылықпен қол жеткізген деректер дәлел ретінде қолдануға жол берілмейді және ол айыптың негізі ретінде алынбайды, сонымен қатар қылмыстық іс бойынша кез келген оқиғаны дәлелдеуге қолданылмайды.
Оны тек жоғарыда көрсетілген дәлелдерді олардың шындыққа жанаспайтындығы негізінде жоққа шығару қажеттілігінде қарауға болады, қорғаудың жеке дәлелі ретінде Ә.Өтепбергеннің кінасыздығы оның айбын растаушы жиынтықтың жоқтығы болып табылады.
Осы жағдайлар сотталушыға тарту үшін ҚР ҚК 124б. көзделген құқықбұзушылыққа ең маңызды негізгі іспеттес болып отыр, себебі тек осы арқылы қылмыс құрамының объективті жағы ашылады.
Осының баршасына дәлел ретінде шынайы емес және процессуалды заңды бұзу жолдарымен алынған дәлелдер Өтепберген Әлібиде жас балаларды жыныстық бұрмалаудың жоқтығын көрсетеді.
Басқа дәлелдер бойынша сотталушы балаларға ешқашанда тиіспеген.Балалар оған жала жапқан.

Алтыншы: ҚР ҚПК 194б нормаларына сәйкес 26.07.2019 ж. ЖТТ құру туралы қаулымен Өтепберген Әліби тек 25.11.2019ж танысқан, бұл ҚР ҚПК өрескел түрдегі норманы бұзушылық болып табылады.
(том1. 7-8і .п., том 8. 80-84і.п.)
Бұдан әрі Ақтөбе қ 4-інші қалалық полициясының тергеу бөлімінің бастығы Н.З. өзінің қызметтік құзыретін асыра пайдаланып, өзіне заңсыз түрде өкілеттік алып жедел –тергеу тобын (бұдан әрі -ЖТТ)құру туралы қаулы шығарған, оның құрамына заңсыз түрде Ақтөбе облысы Тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі А.Б қосқан.
(том 1, 7п.).

Жетінші: Осылайша аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі А.Б ЖТТ жетекшісі болмай келесі тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізген ол кәмелетке толмаған(том 1. 27-28і.п., 35і.п.), Н А (том 1, 60-61і.п.), Н М (том 2. 40-41і.п.) и Б Д жәбірленушілер танып, олардан жауап алған..
Сонымен қатар, Б А. 2019ж 26 шілдесінде кәмелетке толмаған Н М заңды өкілі ретінде оның әкесі Н А танып (том 2. 38-39і.п.)және одан заңсыз түрде жауап алған.
Тергеушілер жәбірленушілердң түгелінен психологтың, педагогтың және адвокаттыңқатысуларысыз жауаптар алған. Бұл жәбірленушілердің өкілдерінің (ата аналары)жауаптарымен расталып отыр, олар сот отырысында балаларынан жауап алу кезінде өздерінен басқа ешкімнің болмағандары туралы көрсетті, басқа қатысушылар болмаған.

Сегізінші: Сонымен қатар кәмелетке толмағандардан жауап алулар бойынша фальсификация фактісі орын алған, ол деректер бойынша бір тергеуші жәбірленушілерден бір күні, бір уақытта жауап алған.

Іс бойынша маңыздылардың бірі болып «А» лагерінде жүргізілген қарау барысында, тергеушілер лагердің бар периметірінде және корпустардың ішітеріндегі орнатылған бейне бақылау камераларында түсірілген түгел жазбаны тәрікілеген. Сол жазбалардың біреуінде де Өтепберген Әлібидің демалушы баларға қатысты қандайда болса құқықбұзушылық жіберген фактілері бейне жазбаларда түсірілмеген. Балалардың жауаптары бойынша Өтепберген Әліби оларға қатысты бөлме-жайлардың ішінде де, сыртында да күш көрсету әрекеттерін жасаған деп жауаптар берген.

Тоғызыншы: Сот отырыстарында жәбірленушілердің жауаптарынан, олардың айтқан ойлары және аргументтері осындай фактінің орын алуын болмағанын мезгейді, бұған соттар көңіл аудармаған және көзге де ілмеген.
Жәбірленушілер әлеуметтік желілерде және теледидарда осы фактінің және оқиғаның болмауы туралы жазбалар орнатуға мәжбүр болып отыр. Сол жазбаларда осы фактінің болмауы және олар ата аналарына ешқандай қылмыстың болмағаны туралы және Өтепберген Әлібиге жала жапқандары туралы шынайы түрде айтып мойындағандары туралы жазады.
(осыған жәбірленушілердің және куәлардың «BASTY PRIME» (Басты прайм) на Первом канале «Евразия» Бірінші каналындағы жазбаларды (https://youtu.be/81jFE8uNFLw ) қосып беріп отырмыз)
Бүгінгі күнде 6 (алты) кәмелетке толмағандар өздерінің бастапқы берген жауаптарынан бас тартып отыр және олар Өтепберген Әлібиге жала жапқандарын мойындап отыр. (шағымға балалармен ата аналардың бірге жазған 6 (алты)бейне жазба арыздарын қосып беріп отырмыз ).

Оныншыдан. Әліби Өтепберген – Қазақ Ұлттық өнер университетінде Қазақтың Қыз Жібегі атанған Меруерт Өтекешова шеберханасының студенті. Көпбалалы отбасынан шыққан  тәрбиелі, өнерлі, адамгершілік асыл қасиеттері мол 23 жастағы Әліби топ старостасы болды. Сынақ кітапшасындағы бағалары да жоғары. Университет қабырғасында қандай іс-шара болса да алдыңғы қатардан көрінетін. Жоғары оқу орнына түскенше де  өнер орталықтарында тәжірибе жинап, оның ішінде балалармен жұмыс істеуді меңгерген,   үлкенмен де, кішімен де ортақ  тіл табыса білетін коммуникабельді азамат. Халқымыздың рухани құндылықтарын, моралы мен этикалық қағидаларын бойына сіңіріп өскен жас. Әліби Өтепберген – болашақ қазақ өнерінің қайраткері, жүрегі «Ел» деп соққан мемлекетшіл жас тұлға. Кассациялық өтініш хатымызға Әліби Өтепбергеннің оқыған оқу орны мен өнердегі ұстаздарының жазған мінездемелерін қосып отырмыз.

Мазмұндалғанның негізінде ҚР ҚПК 484 – 486, 488, 491, 494 баптарын басшылыққа алып

СҰРАЙМЫЗ:

Талап арызды материалдарымен бірге кассациялық  инстанцияға қарау үшін тапсыруды. Кассациялық тәртіпте күшіне енген сот актілерін қайта қарауды: Ақтөбе қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының 26 наурыз 2020 жылғы үкімін және Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша сот алқасының аппеляциялық сотының 19.03.1997 ж.т. 08 мауысым 2020 жылғы Өтепберген Әліби  Қаныбекұлына қатысты қаулысын ҚР ҚПК 494 б. 7 б. 3 тармағы негізінде жойып, істі қылмыстық құрамының болмауына байланысты өңдіріспен қысқартуды.

Өтініш хатты қорғаушылардың қатысуымен қарауды сұраймыз.

Қосып берілгендері:

  1. Кәмелетке толмағандардың өкілдерінің, куәлардың арыздары.
  2. Мінездемелер
  3. Ата-аналар мен балалардың бейне-жазбалары
  4. Бірінші «Евразия-1» арнасындағы «BASTY PRIME» (Басты прайм) және «Жаңалықтар» бағдарламаларының жазбалары

https://youtu.be/UqHOdU1oTvk, https://youtu.be/LVbizJIvbh8

  1. Қорғаушылардың хабарламалары (2 дана)
  2. Қорғаушылардың куәліктерінің көшірмелері (2 дана)

Яғни, көріп отырғандарыңыздай қорғаушылардың ҚР Жоғарғы Сотының  Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына жазған өтінішінің мазмұнына сәйкес ойын балаларының еркелігі істің насырға шабуына түрткі болған. Жалпы назарларыңызға қоса ұсынып отырған өтінішпен таныса отырып, істің ақ-қарасын өздеріңіз де  зерделейсіздер деген ойдамыз.

 

Солқылдақ сот біреуге бақ, біреуге сор

 

Қазір елімізде сот саласын реформалау бағытында жұмыстар жүзеге асып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сот саласындағы сыбайлас жемқорлықты сот жүйесіне деген сенімге селкеу түсіріп отырған негізгі факторлардың бірі деп атады. https://m.sputnik.kz/society/20210212/16277903/Toqaev-Osydan-birer-kun-buryn-masqara-zhagday-boldy.html

Белгілі болғандай, тек соңғы 5 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық фактісі үшін фемиданың 17 өкілі жауапқа тартылған. Тіпті 30 жылдық еңбек өтілі бар Жоғарғы сот судьясының  ұсталуы әділетсіздік салдарынан қаншама жазықсыз жандардың жең ұшынан жалғасқан, сыйбайластықтың құрбаны болып түрмеде отырғанына дәлел бола алады.

«Тура биде туған жоқ» деген бабалар аманатына адал болу қолынан келмей, тәуелсіз 30 жылда білікті маман мен әділ сот төрелігін орнықтыра алмаған сала мамандарының шектен шыққандығы мемлекеттің індетке қарамастан, сот жүйесін жаңғыртуды жалғастыра отырып, сот қызметіндегі бюрократияны түбегейлі жоюға кірісуіне түрткі болды. Егер елімізде әділ сот төрелігі салтанат құрса, Әліби сынды талай жазықсыз жапа шеккен жандардың көз жасының өтеуі деуге толық негіз болар еді. https://www.facebook.com/groups/268244073547295/permalink/1354024461635912/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жоғарғы сот төрағасы судьялардың біркелкі жағдайда әртүрлі шешімдер қабылдайтыны жөнінде маған бірнеше рет баяндаған. Мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Соның салдарынан қоғамда наразылық туындап, соттардың бәрі жемқор деген қауесет тарайды. Осы орайда Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары мен сот тәжірибесіне жасалған шолуларды басшылыққа алу қажет. Сондай-ақ ІТ қызметтерінің талдау жасау мүмкіндігін пайдаланған жөн. Соттар қылмыстық процесті жүргізу барысында тергеу органдарына жалтақтамауы керек. Егер сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса, айыптау үкімін шығаруға болмайды. Судьялар табандылық танытса, тергеу амалдары сапалы жүргізілетіні анық. Қылмыстық қудалауға түскен азаматтардың құқықтары да лайықты қорғалары сөзсіз» деп елдегі сот ісіне әділ баға беруі, Әліби ісінде де әділдікке араша сұраған қауымның жанайқайымен үндесіп отырғанын айтқымыз келеді. https://www.instagram.com/tv/CBTNHVjgbtb/?igshid=4p77rxk9i94e

Сондай-ақ сот барысында тергеудің судьядан судьяға ауысқаны істің жауапкершілікпен жіті қаралмауына себеп болғанын  ескертеміз. «Қарға қарғаның көзін шоқымайды» емес пе… Соттар әділ шешім шығармағанына шүбә келтірмейміз. Мәселенің мәнісіне терең үңілгенде, Әліби ісі Президенттің Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, əйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жəне жеке адамға, əсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажеттігі туралы тапсырмасын орындауға дер кезінде, яғни атқарылған жұмыстың пайыздық есеп-қисабын арттыруға «таптырмас құрал» болып кетті-ау деген күдіктің де қылаң беріп қалатынын жасырғымыз келмейді. https://www.instagram.com/tv/B-9U7FDDSwB/?igshid=1xuecgz6alvip

https://www.instagram.com/tv/CBTNHVjgbtb/?igshid=1dvdf5ouocerp

Істің еш себепсіз судьядан судьяға ауысып тергеу ісінің немқұрайлы өтуі — сот ісінде Әлібидей жазықсыз баланың тағдыры емес балаларға зорлық-зомбылық бабы жұмыс істегенінің және сандық көрсеткіш керек болғанының сыбайласа жүзеге асқан құйтырқы ісі екеніне көзіміз жетеді. Қағаз жүзінде ғана жұмыс істеуге әдеттенген тергеушілер мен сот орындаушыларды баланың болашағы алаңдатпайды. Бұл кім еді, қайдан келіп еді, өре түрегелген қоғамға не керек еді деп жағдайға адамгершілік тұрғысынан қарауға судьялардың уақыты жоқ. Қағазды қаттап қойса болғаны… Тіпті қазақтың «Қыз Жібегі»,  Әлібидің ұстаз-анасы Меруерт Өтекешова әр сот сайын Ақтөбеге зор үміт арқалап барып, жылап қайтқанына да елең етпеді.  Қайран балам деп еміренген елдің жанайқайына да құлақ аспаған тас керең соттың қыңырлығына араша түсу — Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің арына артылып отыр.

 

Әліби Өтепберген

 

https://www.instagram.com/p/CCTWOE6jfuL/?igshid=1iw8lpnbyaoh0

https://www.instagram.com/p/CCTWOE6jfuL/?igshid=193ppyghx7xyu

Мемлекет басшысы бақылаушы органдардың қызметкерлеріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығы туралы айта келіп, онда азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуге үлкен мән берілетінін ескерткені бүгінгі жанайқайымыздың жетер жеріне жетуіне септесер деген сенім бар. Президенттің «Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр» деп алаңдаушылық білдіруі Әліби сынды талай тауқыметті тағдырлардың тар қапастан «тауы шағылмай» босап шығарына деген үкілі үміттің шырағын жақты. https://www.facebook.com/groups/268244073547295/permalink/1354024461635912/

 

PS:

Айғақсыз айыпталып, темір торға қамалған жас өркеннің өмірі өкініштен өксімек пе деген үрейге бой алдыруға болмайды! Болашағынан зор үміт күттіретін талантты жастың қыл үстіндегі тағдыры сот төрелігіне ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу қоғамға сын.

Өнерінен бөлек, отбасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесі мен арманы асқақ, ұлы даланың рухани құндылықтарын уызында жарып ішіп, ұлтымыздың тәлімі терең моралі мен этикалық қағидаларын, философиясы мен психологиясын жанына серік етіп өскен өнегелі өреннің «Елім» деп соққан жүрегі жараланып, жазықсыз жапа шекпеуі тиіс! https://www.instagram.com/tv/CBsZx3djTdG/?igshid=6tqw31rzga8g

Ұстаздары мен достары өнер-білімге құштарлығы мен талантын бағалап, мейірім мен қайырымға суарылған ұйымдастырушылық қасиетін ескеріп, оны топ жетекшісі етіп таңдағаны да бекерден бекер емес. Елгезек, еңбекқор, ақылына білімі сай болмаса, шығармашылық ортаның үлкен үміті мен сенімі Әлібиге артылар ма еді!…

Бәріміз де бала өсіріп отырмыз. Шындыққа тура қарайықшы, нағыз педофилдердің өзі 3-4-ақ жыл алады. Өнер қуып, еңбегімен жетіліп келе жатқан талапты жас 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Түрмеге қамалды. Қандай түрмеде отыр? Мамандандырылған түрмеде отыр… Кімдермен отыр? Оның ертеңі не болады? Өрімдей жастың өкініш арқалап, қапасқа қамалуына, соттан басқаның бәрінің қабырғасы қайысты. Неге…

Ақиқат жалғыз… Әділетсіз соттың үкімімен келіспей, «Ел жақтаған жігітке» ендігі араша түсу, яғни істі қайта тергеуге пәрмен беру ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің құзырындағы мәселе. Еліміздің Ата заңы — Конституциямызда «Адам өмірі, құқығы мен бостандығы – мемлекеттің ең қымбат қазынасы» деп жазылған. Заң ханға да, қараға да ортақ. Кінәлі жазасын өтер, ал кінәсіз ешкім де ешқашан жалған жала арқалап жапа шегуі тиісті емес.

Жазықсыз жаc нақақтан-нақақ қараңғы қапасқа қамалмасын деп, Қазақстанның өнер майталмандары, абыз-ақсақал  Асанәлі Әшімов пен Қазақтың «Қыз Жібегі» атанған, Әлібидің ұстаз-анасы Меруерт Өтекешовадан бастап, бүкіл қоғам өре тұрып әділдік сұрағанына қарамастан Әліби 10 жылға сотталды. Оның темірторда отырғанына 1 жыл 7 ай болды содан бері халықтың жанайқайы басылған жоқ. Олар істің қайта  қаралуын талап етеді. Әліби ісінде Бас прокуратура ақиқаттың алдаспаны болып істің қайта тергеуге жіберілуін, әділ шешім шығарылуын бақылауға алады деп сенеміз. Осылай етсек, Әлібидің ғана емес, бүкіл қазақ өнерінің басына үйірілген қара бұлтты сейілтеміз.

( https://www.facebook.com/profile.php?id=100008500230541

https://www.instagram.com/tv/CBVmyKqgB6_/?igshid=1mi18bn45l5ds)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазылған (1416 адам) Үндеу және елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атына жазған көпшіліктің өтініші жерде қалмас. Тілеулес болайық, әділет салтанат құрсын!

 

Жоғарыда айтылған Үндеу мен өтініштер жайлы толық мәлімтеттерді төмендегі сілтемелерден көріп, оқи аласыздар. 

 

https://www.instagram.com/tv/B_U8eQmDPI0/?igshid=1vqu1ylvzbllmhttps://www.instagram.com/p/CI3J9S0DnSS/?igshid=1midhqgb3hsqg

 

 Сәуле

МЕШІТБАЙҚЫЗЫ,

ҚР Еңбек сіңірген

қайраткері,

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ,

журналист

Халықаралық “Qazaqstan dauiri” газетінен