150 826 МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫҒА «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» ОНЛАЙН СОҒЫЛАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Биыл 6365 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 5931-і күндізгі мектептің, 434-і кешкі мектептің түлектері.

Пандемия жағдайына байланысты биыл 9 және 11-сынып бітіруші түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау өткізілмейді. Мектеп бітіргендігі туралы аттестаттарға 4 тоқсанның жылдық бағалары қойылады.

11-сыныпта 206 оқушы «Алтын белгіге», 326 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы «Біргеміз: ТҮЛЕК-2020» тақырыбындағы мектеп бітіру іс-шарасының тұжырымдамасына сәйкес:

— 22 мамыр сағат 11.00-де — «Балапан», «Еларна» телеарналарында 11-сынып түлектеріне кәсіптік бағдар беру туралы бірыңғай телесабақ;

— 25 мамыр сағат 11. 00-де — телеарналарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құттықтауы көрсетіледі;

— «Сәт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп-білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» (үздік мұғалімдер туралы, оқушылардың жетістіктері туралы, өңірдегі ең үздік білім беру жобалары туралы және т.б.) сынды білім мәселелеріне арналған сюжеттік желі ұйымдастырылады;

— 25 мамыр күні 1-10 сыныптарға соңғы қоңырауғаарналған онлайн-сынып сағаты өткізіледі. Оған қамқоршылық кеңестердің мүшелерін, аймақтың танымал тұлғаларын, еліміздің және әлемнің үздік университеттерінде білім алып жатқан жетістікке жеткен мектеп түлектерін, бизнес өкілдерін және мемлекеттік қызметшілерді қонақ ретінде шақырылады.

— Мектеп бітіру шаралары әр сыныпта бөлек, мектеп алаңында, ашық ауада өткізіледі;

— Түлектер іс-шараға мектеп формасымен қатысады;

— Мектеп әкімшілігі мектеп бітіру кештерін өткізу күндері тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдайтын болады.

 

 

МАҢҒЫСТАУДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ 3-4 МАУСЫМДА ТАБЫСТАЛАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өткізіледі. Бұл мерекенің ерекшелігі – салтанатты түрде аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады. Түлектер әдеттегі мектеп формасымен қатысады. Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, таза ауда, тек 11 сынып оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Мектептерде аттестат табыстау барысында келесі шаралар қабылданады:

— Шаралардың өткізілуі әр сынып үшін 40 минуттан аспайды және шаралар арасындағы интервал кем дегенде 20 минутты құрайды;

— Әр іс-шарадан кейін мектептің техникалық қызметкерлері өтетін орынды залалсыздандырады;

— Параллельді сыныптардың түлектері мен ата-аналарының түйісуіне жол берілмейді.

Қазіргі кезде мектеп басшылығы тарапынан түлектер мен олардың ата-аналарына мектеп бітірушілердің іс-шараларының кестесі, карантин кезеңіндегі балалар мен ата-аналар тарапынан санитарлық талаптар сақталуы туралы алдын ала хабарланып жатыр.

 

МЕКТЕП БІТІРУ КЕШТЕРІН МЕЙРАМХАНАЛАРДА, ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА ТОЙЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

— Іс-шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;

— Көл-көсір мектеп бітіру шарасын өткізуге;

— Мерекелік үстелдерді ұйымдастыруға;

— Көлік жалдау арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге;

— Мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде, теңіз жағасындағы демалыс орындарында бітіру шараларын ұйымдастыруға;

— Мерекелік шаралар өткізуге ата-аналар мен заңды өкілдерінен қаржы жинауға, мұғалімдер мен мектептерге сыйлықтар жасауға.

Бұл бойынша аудандық қалалық білім бөлімдеріне басқарма тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Кері жағдайда мектеп басшысы мен ата-аналардың жауапкершілігі мәселесі жөнінде қаперге берілді.

 

БАЛАБАҚШАЛАРДА КЕЗЕКШІ ТОПТАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 07.05.2020 жылғы қаулысы негізінде, Білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашу туралы бұйрығын шығарды.

Осыған байланысты 13 мамырдан бастап Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданының Құрық және Жетібай ауылдарынан барлығы 58 мектепке дейінгі ұйымдарда 87 кезекші топ ашылды.

Бүгінгі таңда аталған топтарда 865 бала (Ақтау- 498, Жаңаөзен-281, Қарақия ауданы– 86), яғни барлық балабақша контингентінің 2,3 % (мемлекеттік-423, 1,6%, жекеменшік-442, 3,6 %)бар.

Барлығы 364 педагог пен 685 техникалық қызметкерлер штаттық режимде (медбике, аспаз, кір жууышы және т.б) жұмысқа шықты.

Балабақшаларда күнделікті балаларды қабылдау дене қызуларын өлшеу арқылы таза ауда, яғни балабақша ауласында жүргізіледі және топтағы балалар саны 10-нан аспайды.

Сондай-ақ, күнделікті ылғалды тазалық жұмыстары, залалсыздандыру, желдету, дезинфекциялық жұмыстар талапқа сай жүргізіледі.

 

ОҚУЛЫҚТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖҰМЫСЫ КЕСТЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ хабарлады.

Білім беру ұйымдары мен мұғалімдерден сұралатын есептіліктердің санын шектеу туралы 6-сәуірде 130-бұйрық қабылданды. 25-мамыр күні өтетін соңғы қоңырауды әрбір сынып жетекшісі өз оқушыларымен өткізетін болады. Оқу жылының аяқталуына байланысты оқулықтарды мектеп кітапханасына тапсыру жұмысы да бекітілген кесте бойынша рет-ретімен жүргізіледі. Тағы айта кететін жәйт, мұғалім еңбек демалысына шығуына байланысты мектеп оқушыларына оқулықтарыңызды тез арада тапсырыңыз деп, мектепке топтап шақыруға болмайды. Ал жоспар бойынша Ұлттық Біріңғай Тестілеу белгіленген уақыт бойынша өтпек.

— «Онлайн соңғы қоңырау» шарасы белгілі бір мерзімде өткізілмейді. Икемді кесте бойынша өтеді. 3-4 маусымда өтетін атестат беру кезінде сақтық шаралары қатаң сақталуы қажет. Егер сақтық шаралары сақталмай, айтылған ұсыныстар ескерілмейтін болса, біздің тарапымыздан тиісті әкімшілік шара алынуы мүмкін»,- деді Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ .

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ