Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін

Бір өте байқуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан:
~ Құдай, маған кішкене өмір берші!, ~ деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Аллаһ Тағала əлгі қарияның көзіне көрініп:
~ Пендем қанша өмір сұрайсың? ~ десе, əлгі қарт:
~ Ағаштың жапырақтарының санымен тең өмір? ~ депті, сонда Құдай:
~ Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапырақтың санына, ~ депті.
~ Онда қанша бұтақ бар, соншама, ~ десе,
~ Ол да болмайды, тым көп, ~ депті Аллаһ Тағала, сонда əлгі қария:
~ Қанша өмір бере аласыз?, ~ деп сұраған екен.
~ Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін ~ депті Аллаһ Тағала, сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен.
«Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» дейді.
Қымбатты менің бауырларым, достарым, сендер барда мен бармын. Ешқашан қатарымыз ажырамасын, азаймасын. Аллаһ досы жоқтан сақтасын.
Өмір өтер, дүние артта қалар, ал досың бар болса жаныңнан табылар.
Мен сіздердей досым болғаны үшін мақтанамын! Күнде көрiспесек те, көңiлiмiз ақ, ниетіміз түзу….
Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі ~ Достарым ~ сіздер аман болыңыздар!