Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өмірден озды

Фото: Ашық дереккөзден
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Балморалда бұған дейін дәрігерлердің бақылауында болғаны хабарланған еді. Санаулы минут бұрын оның өмірден озғаны белгілі болды.

Букингем сарайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер «Мәртебелі мәртебелі ханымның денсаулық жағдайына алаңдаулы» болғаны бұған дейін хабарланған.
Королеваның ұлы ханзада Чарльз патшайымның Шотландия резиденциясына келді. Корнуолл герцогинясы мен Анна ханшайымы да Шотландияда. Ханзада Эндрю мен Кембридж герцогы ханзада Уильям Балморалға баратыны айтылған. Королеваның немересі ханзада Гарри мен оның әйелі Меган да сарайға келді.

qaz.ulysmedia.kz