ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ 6 МЛН. ТЕҢГЕДЕН ЖЕҢІП АЛДЫ

Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы берілді. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады. Оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды.
✅Дулати университетінің оқытушылары Клара Сматова мен Толқын Қасенова үздіктер қатарынан көрінді.
Айта кетейік, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауына еліміздің 71 оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Құттықтаймыз!

Gulmira Amalbekova