Қордайлық жастар – үздіктер қатарында

Биыл облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында жастарды маусымдық жұмыспен қамту және олардың арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылған болатын.

Жоба аясында облыс аумағында 1700-ге жуық жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысына тартылды. Олардың қатарында Қордай ауданында да 101 қыз-жігіт маусымдық жұмыспен қамтылған болатын.

Жуырда жобаның жабылу салтанаты өтіп, оған қалалық және аудандық «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары мен жауапты мамандары жиналды. Жиында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар сөйлеп, «Жасыл ел» сарбаздарына алғыс білдіріп, жылдың үздіктерін марапаттады.

2022 жылғы еңбек маусымының үздіктері болып – «Үздік жасақ» номинациясы бойынша бірінші орынды Қордай ауданының «Жасыл ел» еңбек жасағы жеңіп алса, екінші орынды Шу қаласының, үшінші орынды Жамбыл ауданының еңбек жасақтары иеленді. «Үздік сарбаз» аталымында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Мейірман Қуанышбай жеңіске жетіп, Еркін Әбдиев «Үздік командир» атанды.

Сонымен қатар салтанатты жиын барысында белсенді жұмыс жасаған 50 жас облыстық «Жасыл ел» штабының Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Aq jol»-Aqparat».