ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімнің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының» ұйымдастыруымен Мойынқұм ауылындағы спорт кешенінде «Ауыл жылына» орай қазақ күресінен 2010-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Мойынқұм ауданының ашық турнир өткізілді.
Жарысқа Алматы облысы мен Мойынқұм ауданының ауылдық округтерінен 23,26,29,32,35,38,42,46,50,+50кг салмақ дәрежесі бойынша 120 жасөспірім қатыстырылды.
Жарыс жеңіпаздары бұқаралық спорттық іс шараларды өткізу орталығының арнайы грамота және медальдарымен марапатталды.

Мойынқұм ауданы әкімдігі