ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ

Шымкент қаласында 24-27 ақпан аралығында Қазақ күресінен 2003-2005 жылы туған жастар, ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
Ел ішілік чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге тарта спортшы қатысты.
ҚР чемпионатында Жамбылдық палуандар 3 алтын, 2 күміс, 7 қола медельді еншілеп, жалпы командалық есепте 1 орынды қанжығалады.

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы