ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

✅ 1.Таңертең төсегінен күліп оянған әйел жақсы.
✅ 2.Еңсесін асқақ, иінін тік ұстап, иіліп сәлем беріп тұратын әйел жақсы.
✅ 3.Жанұясына жарық сәуле шашып, жылу беріп, береке, құт болып тұратын әйел жақсы.
✅ 4.Шашын күземей, бетін боямай, табиғи өзінің түр түсін сақтап жүрген әйел жақсы.
✅ 5.Барға мастанбай, жоққа жасымаған әйел жақсы.
✅ 6.»Еңбек ету бақыт, адамның жауы жалқаулық,»- деп балаларын адал еңбекке баулыған әйел жақсы.
✅ 7.»Жетім жесірді, кемтар, мүгедекті келеке етпе, пейіл құлқы бұзылған адамға жолама»- деп балаларына дұрыс жол көрсетіп отырған әйел жақсы.
✅ 8.Күйеуін аялап, әлпештеген, жан дүниесін түсініп, арқа сүйері болған әйел жақсы.
✅ 9.Күйеуінің қабылдаған шешімдерін қолдаған және отбасының ортақ мақсаттарына жетуде қолғабыс болған әйел жақсы.
✅ 10.Отбасының ұйытқысы болып, әдемі келбетін, әр кез жасына сай әдемі көрінісімен, әдемі қартая білген, екі елі ауызына ие болған, орынды сөйлеп, көп тыңдаған әйел жақсы.