Қала көшелері басты назарда

Қаратау қаласында ағымдағы жылы жоспарға сай 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтсақ, Қ.Тоқтыбайұлы, Е. Өмірұлы, А. Байтұрсынов (іргелес көшелер мен көше қиылыстарын қамту), Қ. Сәтбаев, М. Есжанұлы және Қ. Жарқынбеков көшелері. Одан бөлек, Қ. Шырынбекұлы мен Ә. Байзатов көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін қосымша қаражат қарастырылуда. Жобалық-сметалық құжатнамалары дайын. Жыл сайын қала көшелері кезең-кезеңімен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Дархан Баймбетов, Қаратау қаласының әкімі