Құран оқыған адам қандай қасиеттерге ие болады?

1. Алла Тағала былай айтқан: «Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28). Жаратушының сөзі — Құранды оқу арқылы адамның жүрегі жай тауып, Алла Тағаламен байланыс орнатылады.

2. Алла былай деген: «Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді» (57:9). Құран оқу арқылы адам жете түсінбеушілік пен ессіздіктен, жете түсіну мен ұғынуға әкелетін Жаратушының басшылығына қол жеткізеді.

3. Алла былай айтқан: «Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?» (47:24). Құран — Алланың және оның жаратқандарының зор құндылықтарына қол жеткізіп, айналамыздағылар туралы ойлану қасиетіне ие етеді.

4. Хадисте былай келтірілген: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің».

5. «Кімде-кім Құранның бір әріпін оқыса, оған сол үшін сауап жазылады, ал сауаптар он еселенеді, «алиф ләм мим» бір әріп деп ойлап қалмаңдар, «әлиф» — бір әріп, «ләм» — бір әріп, «мим» — бір әріп».

6. «Құран оқыңдар, шын мәнінде ол қиямет күні Алланың құлына шапағатшы болады. Құранда былай дейді: «Уа, Жаратушым! Мен оның түнгі ұйқысын бұздым, енді оған шапағатшы болуға рұқсат етші» -оның шапағаты қабыл болады.