Қазақстанда ажырасу үрдісі қымбаттады: Елімізде құжат рәсімдеу енді қанша тұрады?

Сәуір айынан бастап Қазақстандағы АЕК мөлшері көтерілді. Бұл жағдай еліміздегі құжат рәсімдеу үрдісінде айтарлықтай өзгерістер әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АЕК салық, мемлекеттік төлемақылар мен басқа да төлемдерді, зейнетақы, жәрдемақы мен атаулы көмекті есептеуде қолданылады.

  • Енді елімізде төлқұжат рәсімдеу – 8 АЕК немесе 22 224 теңге;
  • Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 555,6 теңге;
  • Жүргізуші кәулігін рәсімдеу 1,25 АЕК немесе 3 473 теңге тұрады.
  • Қазақстанда туу туралы куәлік мемлекет тарапынан баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.
  • Хаттаманы өзгерту, толықтыру, түзету несеме қалпына келтіруге 0,5 АЕК немесе 1 389 теңге қарастырылған.
  • Неке туралы куәлігі 1 АЕК немесе 2 778 тұрса, некені екінші рет рәсімдеу 1 389 теңге екен.
  • Қазақстандықтар ажырасу кезінде мемлекетке 2 АЕК немесе 5 556 төлейді екен.

Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде неке қиюға немесе ажырасуға карантин жарияланбаған аймақтарда өтініш білдіруге болады. Ал карантин енгізілген қаланың тұрғындары тек бұл режим біткеннен кейін өтініш білдіре алады.

zanmedia.kz