Қаралған қаржы мақсатты жұмсалуда     

 Білім саласына жыл санап көңіл жіті бөлініп келе жатқаны белгілі. Елбасының да, Мемлекет басшысының да Жолдауларында білім саласы назардан тыс қалған емес. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалар бағдарын тауып, шалғай ауылдардағы мектептер де шарапатын көруде. Жамбыл да бұл жұмыстар жүйесін тапқан.

Мәселен Шу ауданында жалпы мекеме саны-91.(47 мектеп, 1 кешкі мектеп, 35 балабақша, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).

Жалпы білім саласына 2019 жылға бөлінген қаржы 9 285 481 мың теңге,  игерілгені  1 438 641  мың теңге немесе 99,9 пайыз.

Мектептер саны- 47(38 орта, 2 негізгі, 7 бастауыш).

ІV тоқсан есебі бойынша оқушы саны -19514. 38  орта  мектепте – 18976,  2 негізгі  мектепте-  326,  7 бастауыш мектепте- 212 оқушы оқиды.

1 кешкі мектеп-200 оқушы.

Жалпы педагогтар саны– 2230. Жоғары білімді-2069, арнаулы орта-161.  Жоғары санатты-535, І санатты-454, екінші санатты-469, санаты жоқ 772 мұғалім. Жаңа оқу жылына 71 жас маман жұмысқа қабылданды.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  43 директор, 41директордың орынбасары, 662 пән мұғалімдері курстан өтті. Жалпы 1494 педагог жаңартылған мазмұн бойынша сабақ береді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге  319 731 мың теңге қаржы бөлінді.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдар саны 53(35 балабақша (23 мемлекеттік,

12жекеменшік), 18  шағын орталықта). 4413 бала қамтылған  (балабақшаларда -3765, шағын орталықтарда – 648 бала) 1-6 жас аралығындағы қамту 91,7 %, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 99,9 % құрайды. Кезекте тұрған бала саны – 556(553-і 0-3 аралығында, 7 бала 3-6 жас аралығында).

Негізі Қазақстан бойынша білім мен ғылым саласын дамытуға бөлінген қаржы 1 трлн. 123 млрд. 100 млн. теңге. Иә, 2020 жылға дейінгі бюджет жобасында білім мен ғылым саласын дамытуға қарастырылған қаражат мөлшері осындай. Жоғарыда аталған соманың төрттен бір бөлігі өткен жылы жұмсалды. Жалпы былтыр білім беру саласына 340 млрд. 600 млн. теңге бөлінген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 95,4 млрд. теңгеге аз. Осы соманың шамамен жартысы білікті мамандарды даярлауға жаратылса, 53 млрд. теңге жаңа мектептердің құрылысына бағытталды. Тағы 33 млрд. теңге дарынды балдарды оқытуға жұмсалыпты.

Бұл қазынадан қаралған қаржының мақсатты жұмсалып жатқанын айғақтайды.

 

Дедек Төлен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *