Қарағанды еріктілері облыстың қарт тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізумен айналысуда

Волонтерлер жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмектер мен алғашқы қажеттілік заттарын сатып алады және жеткізеді. Saryarqa Jastary Қарағанды облыстық еріктілер штабы ТЖ енгізілген уақыттан бері аймақтың 7 мыңға жуық тұрғынына көмектесті.

27 наурыздағы жағдай бойынша штаб облыста 81 қайырымдылық акциясын өткізді, оған 679 волонтер қатысты. Ерікті көмекшілер 1457 азық-түлік себетін, 5500 дана медициналық маскаларды таратты. Барлығы 6979 адам көмек алды.

30 наурызда Қарағанды облысының бес қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты облыстың қалалары мен аудандарының еріктілері қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек және гигиена құралдарын сатып алып, жеткізіп беруде. Тауарлар қажет болған адамдардың есебінен төлнеді, ал курьерлік жеткізу тегін.

Өтініштер WhatsApp бойынша келесі нөмірлерге қабылданады:
Қарағанды – 8-705-982-40-29; Саран-8-708-594-97-94; Теміртау-8-702-102-02-52; Шахтинск-8-708-866-83-94; Балқаш-8-778-125-88-27; Приозерск-8-778-516-89-90; Жезқазған-8-777-419-27-78; Сәтпаев-8-708-580-17-97; Қаражал-8-771-259-16-14;
Аудандар: Абай – 8-707-850-19-10; Ақтоғай – 8-707-805-59-05; Бұқар Жырау-8-775-593-23-20; Жаңаарқа – 8-700-990-72-61; Қарқаралы – 8-778-729-73-74; Нұра – 8-701-670-62-43; Осакаров – 8-777-006-04-44; Ұлытау – 8-777-072-28-88; Шет – 8-702-294-36-38.
Saryarqa Jastary облыстық еріктілер штабының телефоны – 8 -701-339-37-33.

ҚАРАҒАНДЫ
ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған