ПМУ студенттері «Қазэнергокабель» АҚ-да ақылы тәжірибеден өтеді

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Қазэнергокабель» акционрлік қоғамында дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алады. Бұл туралы университет ректоры Мейрам Бегентаев пен акционрелік қоғамның бас директоры Владимир Бобровтың кездесуі барсында белгілі болды.

Жұмыс кездесуі барысында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректорының м.а. экономика ғылымдарының докторы Мейрам Бегентаев пен «Қазэнергокабель» АҚ Бас директоры Владимир Бобров бакалавриатта «Электр энергетикасы» және колледждің «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша дуалды білім беруді енгізуді талқылады.

Мейрам Бегентаев қазіргі таңда ПМУ студенттерінің академиялық еркіндік аясында өндірісте білім алуға мүмкіндігі бар екендігін әрі бұл оқыту жүйесі бойынша оқытудың 30% – міндетті компонент, ал 70% – вариативті бөлімге берілетінін атап өтті.

– ПМУ-да колледж де, университет те бар, біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінде дуальды оқытуда біз студенттерді 2-3 айға кәсіпорындарға жұмысқа ала аламыз. Олар ЖОО-ға оқуға келгенде, қандай теориялық білім қажет екенін көре, өндірістегі тәжірибе кезінде өз мамандықтарының қыр-сырын үйренеді, – деді Владимир Бобров.

Айта кету керек, келісім аясында студенттерде тек ақылы тәжірибеден өту ғана емес, сонымен қатар диплом алған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болады.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған