Павлодарда 7000-нан астам бірінші сынып оқушылары патриоттық форумға қатысты

Павлодарда Тәуелсіздік күніне орай бірінші сынып оқушыларының еліне деген құрмет сезімі мен өз болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға арналған форум өтті. «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» патриоттық форумында бірінші сынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу, музыкалық нөмірлер, хореографиялық қойылымдар мен флешмоб көрсетілді. 

Форумға қала мектептерінің 7000-нан астам бірінші сынып оқушылары қатысып, шараның қонақтары қала депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері, еріктілер, оқу озаттары, мектептің өзін-өзі басқару белсенділері болды.

– Сондай-ақ Павлодар қаласының № 17 мектебінің патриоттық форумына 300 бірінші сынып оқушылары қатысты, – деді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Шараға қалалық мәслихаттың депутаты Виктор Деймунд, педагогикалық еңбек ардагерлері Сауле Ахмарова, Алтын Жексенова, Валентина Чернова шақырылды. Қонақтар өз сөздерінде бірінші сынып оқушыларына өз елінің лайықты азаматы болуға тілек білдірді.

Сондай-ақ бірінші сынып оқушыларының хоры «Қазақстаным менің», «Айналдым елім» патриоттық әндерін орындады. Аталған мектептегі патриоттық форум білім ордасының 60 бірінші сынып оқушыларының қатысуымен «Жайна, Қазақстан» флешмобымен аяқталды.

Ақпарат және суреттер «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды