Пайдалы кеңесті оқи отырайық…

 

Ислам рецептісі бойынша жадыны қалай сақтап, жақсартуға болады?

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Жад – бұл Алланың рақымы ретінде берілген адамның ең басты қабілеттерінің бірі болып табылады. Алайда, жасы ұлғайған сайын адамның  денсаулығы сияқты оның жады да нашарлауы мүмкін. Әрине қазіргі заманғы медицина түрлі тәсілдерді  ұсынады. Бірақ Ислам осыдан он бес ғасыр бұрын бұл баға жетпес иләһи тартуды сақтауға көмектесетін негізгі жолдарды көрсетіп қойған.

 

Оқы!

Біздің барлығымыз білеміз, Алланың  Пайғамбарымызға (с.а.у.) ең бірінші бұйрығы мен бірінші аяты: “Оқы!” – болды. Ғибадат уақытындағы оқу мен жатқа айту адамның жадын бекітіп, оның динамикасына белсенді ықпал етеді. Оның үстіне Құранды дауыстап оқу адамның қан тамырлары мен миына жағымды әсер қалдырады.

 

Ой жүгірт!

Алла Тағала көптеген аяттарда адамды ой жүгіртіп, тереңнен ойлануға, өз ақыл-ойын іске қосуға шақырады. Ислам-бұл не айтса да барлығына соқыр санамен қарайтын емес, ойланатын, пікірлесетін адамдардың кемел діні. Алла Елшісі (с.а.у.) былай деген: “Тәфаккурдың (терең ойлану, ой жүгірту) бір сағаты мың жыл жасаған нәпіл ғибадаттан да артық”.  Барлық жағдайда Алланың рақымын іздеуге бағытталған ой жүгіртулер, оның ұлылығын ойлау мен адамның әлсіздігін сезінуі, жалпы ойланудың барлығы да ғибадаттың бір түрі болып табылады. Мұның баршасы мидың белсенділігін арттыра түседі.  Адамның миын жақсы қалыпта ұстап, есте сақтау пайдасына тиімді ықпал етеді.

 

Тыйым салынғандардан  көзіңді сақта!

Бұл бұйрық тек адамды рухани тұрғыдан ғана кемелденуге емес, сонымен қатар оның еске сақтау қабілетін сақтауға жәрдемдеседі. Көрнекті ислам ғалымы, мәзхабтың негізін қалаушылардың бірі-имам Шафиғи көзді харамнан сақтау жайында: “Тыйым салынған нәрселерге көз тастау-ұмытшақтыққа себеп болады”, – деп көрсеткен.

Оның үстіне тыйым салынғанға қарау-азғындыққа жол ашады. Қазіргі уақытта қоғамда белең алған СПИД сияқты көптеген жыныстық жолмен берілетін аурулар, сайып келгенде, адамның миының бұзылуына ықпал етіп, түбінде азғындық пен қорлықққа ұшыратады.

 

Артық тамақтанба!

Біз білетіндей, Ислам мешкейлік пен шамадан тыс артық тамақтануға шектеу қояды. Артық ас ішу мен толықтық адамның қанындағы липидтердің деңгейі мен амилоидтың жиналуына ықпал етеді, ол ақыл-ойдың кемуіне соқтырып /деменция/, адамның семіздікке ұшырауыментікелей байланысты.

Сондай-ақ, Исламда адамның жадын бұзатын алкоголь мен есірткі құралдарын қолдануға  қатаң тыйым салады.

Аударған: М. Бақдәулетқызы

Сауығудың негізгі техникасы – аяқтағы белсенді нүктелер56c55835e59bb

Аяққа  күні бойы күш түсетіндіктен қатты шаршайды. Кешқұрым уақытта әсіресе біз, биік өкшелі аяқ киімді ұнататын әйелдер қауымы аяқ шаршауынан зардап шегеміз. Осындайда табан массажы аяққа түскен күштен арылтуға көмектеседі, және оны тек қана сол үшін жасамау керек!

Рефлексология қағидаларына сәйкес, аяқ табандарында ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Аяқтарды уқалау сияқты қарапайым әрекет дененің әр түрлі мүшелеріндегі ауру туралы ұмытуға көмектеседі. Айрықша аймақтарға әсер етудің арқасында ішкі органдарға қан ағыны келіп, денсаулыққа қатысты көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Аяқ массажы

Аяқтарда орналасқан жүйкелер сауығудың маңызды құралы! Қиыр шығыстық медицинада табан және саусақ массажы панацея (барлық аурудан құтқаратын әмбебап дәрі) деп саналады. Мұндай процедураны кешке жасай отырып, күш ағынын сезінумен қатар түнгі ұйқыда толыққанды демаласыз және таңертең сергек оянасыз. Бұл тек қана пайдалы терапия емес, ол жанға өте жағымды терапия.

 

Аяқ массажын жасаудың белсенді нүктелері:

  1. Егер аяқтыңұштарынуқаласа, бас ауруынан құтылып, ми қызметін жақсартуға болады.
  2. Үлкен бақайдың айналасымойын ауруын жазуға көмектеседі, тек қана белсендірек уқаласаңыз болғаны.
  3. Табанныңорта жағынуқалау өкпе ауруымен күресуге көмектесіп, демікпедегі патологиялық жағдайды жеңілдетеді, ентігуді басады.
  4. Үлкен бақайданаздап төмен орналасқан аймақты уқалап, сіз жүрек-қан тамырлары жүйесін қорғай отырып, жүректің еш шалыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз етесіз.
  5. Табандағы дөңестіңішкі жағынуқалау  бауырға түскен күштен арылтып, ауыру сезімінен құтқарады.
  6. Өкшеніжақсылап уқаласаңыз, беліңіздің ауырғаны сап тиылады.

Шаршаған аяқтарыңыз жақсы массажға зәру. Достарыңызға сауығудың ғажайып әдісі туралы айтыңыз, олардың дені сау болсын!

Дереккөзі: hitgit.com

 

 

 “Сырлы аяқтың сыры кетседе,сыны кетпейді “…!36125385

Өзгеріс ойдан басталады

Жақсы кеңес
Дона Мария Джило, 92 жастағы қарияның ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Түріне қарасаңыз, ол соншалықты кербез, әсем киінген. Таңғы 8-де шашы таралған, бетіне бояу жағылған, көзі нашар көрсе де өзін жақсы сезінеді. Жас болып қалудың құпиясы неде деген сауалға ол былай деп жауап береді. «Өзіңнің көңіл-күйіңді басқару аса қиын емес. Оны әр адам үйрене алады. Маған үйренуге тура бір жыл кетті. Есесіне қазір маған қандай көңіл-күй керектігін өзім шешемін. Ойымды қайда бағыттайтынымды, сезімді тежеп ұстауды үйрендім» деген екен ол қарттар үйіне алғаш келген күні.
«Әрбір атқан таң мен үшін аса бағалы сый. Көзімді ашқаннан жаңа күнге қуанамын. Күн сәулесімен бірге менің өмірімде орын алған бақытты шақтарым қайта оралатындай. Біздің қарттығымыз қалай өтетіні есте сақтау қабілетімізге тікелей тәуелді. Жадыға өміріңде болған бақыт пен қуаныштан көбірек сақтап алыңыз. Жасым келіп, бір аяғым көрде тұрса да мен өмірге қуанып, кез келген жағдайда көңілімді көтеріңкі ұстаймын. Нашар оймен, бос нәрсеге ұмтылумен, күтумен өмірімді текке өткізбеймін. Сонда әр күнің бақытты бола бастайды…» дейді қария. Оның кеңестерінде өмірдің шынайы табы бар. Біле жүріңіздер.

  1. Маңызы жоқ сандарға бас қатырмаңыз. Адамның жасы, салмағы, бойы сияқты ұсақ-түйектерге мән бермеуге дағдыланыңыз. Оған дәрігерлер ғана алаңдасын.
    2. Көңілді достармен ғана қарым-қатынасты сақтауға күш жұмсаңыз. Ұрса беретіндер, ештеңеге көңілі толмайтын жандар сізді тек төмен тартады. (Сол тырысқақтардың бірі өзіңіз болсаңыз, санаңызға түйіп алыңыз!)
    3. Білім алуды жалғастырыңыз. Компьютер, кәсіп, бау-бақша туралы білім жинаңыз. Мейлі басқа нәрсе де бола береді. Тек санаңыз сартап болып қалмасын. Миыңызға ерінуге уақыт қалдырмаңыз. Тойшыл сана тек немістің Альцгеймер деген ныспысына орын қалдырады.
    4. Әрбір ұсақ-түйекті бағалаңыз. Қатты бағалаңыз.
    5. Жиі күліп тұрыңыз. Шын ниетіңізбен, бар дауысыңызбен, ұзақ күлуді үйреніңіз. Ішегіңіз түйілгенше күліңіз. Егер жаныңызда сізді күлдіртетін досыңыз бар болса, сол адаммен көбірек уақыт өткізіңіз.
    6. Көз жасы болып тұрады.
    Бекем бол. Қайғыр. Бір орында тұрып қалма, ары қарай адымда.
    Өмір бойы сіздің жаныңызда қалатын жалғыз адам ол – сіз ғана. Тірі тұрғаныңда өмір сүр.
    7. Көңілің қуанатын нәрселерге ұмтылыңыз.
    Мейлі ол отбасы болсын, жан-жануар болсын, өсіретін гүл, кез келген хобби. Жаныңыз сүйетін нәрсеге көңіл бөліп отырыңыз.
    Сіздің үй – сіздің қорғаныңыз. Тастамаңыз оны…
    8. Денсаулығыңызды күтіңіз.
    Бәрі жақсы болса – алға!
    Күңкіл-қыңқыл көбейсе – деннің саулығына көңіл бөліңіз.
    Өзіңіздің қолыңыздан жақсарту келмесе, онда көмек сұраңыз.
    9. Өзіңізді кінәлі сезінген жерге оралмаңыз.
    Дүкен аралаңыз. Шетелге қыдырып келіңіз. Тек өзіңізді кінәлі еткен жерге қайтып аяқ баспаңыз.
    10. Сүйіктілеріңізге сүйемін деңіз. Бос қалған уақыттың бәрін соларға арнаңыз.
  2.       Аударған Шынар Әбілдә