Ораза айтқа бір тілек!

Қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасқан құрметті ағайын ораза айт мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дастарханымыз мол, жолымыз оң болсын! Ұлымыз иманды, қызымыз ибалы болсын! Қарттарымыз баталы, ұрпақтарымыз жоталы болсын! Биіміз әділ, күйіміз тәуір болсын! Әр ісімізге Алла тағала берекет берсін! Ауызбіршілік, ынтымақ алаш баласының еңсесін көтеретін күшке ие қылсын! Татулық ортамызда салтанат құрсын! Ырыздық – несібемізді тәңір молынан берсін! Келер Рамазанға төрт көзіміз түгел жетейік. Әлем таныған еліміздің даңқы арта берсін! Халқым деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген патшамыз аман болсын! Ішкен асымыз адал, жүрген жолымыз жамал болсын. Ораза айтта тілеген тілектің барлығы Алланың құзырында қабыл болсын!

«ЕлАна» қоғамдық-танымдық сайты