Елордамызда «Таза Қазақстан» экоапталығы өтті

Осыдан үш жылдың алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен елімізде «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Атамлыш Ұлттық жоба өз ішінен төрт негізгі бағыт, 11 тапсырмадан құрам тапқан. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара белгіленген. Мұндағы негізгі бағытар мыналар.

Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді.

Екінші бағыт- «Үнемді Қазақстан» табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мақсатын қойып отыр. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты.

Үшінші бағыт- «Табиғат» бағытының мақсаты биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту болып табылады.

Төртінші бағыт – «Экология болашағы», халықтың экобілімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Жоба ресми түрде бекітілгелі бері оның әрқайсы бағыттары төңірегінде еліміздің түкпір-түкпірінде «Таза Қазақстан» экологиялық апталығы өтіп, нәтижесінде қалалар мен елді мекендерді қоқыстан тазартып, ағаш егіп, су ағарларды тазарту сынды шаруалар істеліп жатыр.

21 қыркүйек «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) аясында Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экоакция ұйымдастырылып, жалпықалалық сенбілік өтті. Қаланың әрбір ауданында өткен ауқымды шараға ұзын саны 62000-нан астам адам қатынасқан. Олрадың қатарында қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері, еріктілер, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, МИБ (ПИК) және шетелдік дипломаттар бар.

Сенбілік барысында 170 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды, аялдама павильондарын, бағдаршам нысандарын, жерасты және жер үсті өткелдерін жуу жүргізілді, 730 жүк көлік және тиеу техникасы тартылды. Экоакция кезінде 4 рұқсат етілмеген полигон жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан қоқыс шығару үшін 90-нан астам ауыр жүк рейсі жасалды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында акцияға қатынасқан барлық азаматтарға шынайы алғысын білдіріп жазба қалтырды. Онда «Елордамызды ауқымды көгалдандыруды және абаттандыруды ары қарай да жалғастырамыз! Биыл қалада жасыл аймақтар саны көбейеді. Біз аулалар мен қоғамдық кеңістіктерге ғана емес, со сияқты спорттық және мәдени нысандардың, оқу орындарының, қаланың көрікті жерлерінің және т.б аумағына ағаш отырғызамыз.

Биыл біз 1 миллионға тарта жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оларыдң басым бөлігі қазірдің өзінде отырғызылды, сондай-ақ қаланың жасыл белдеуіне де егілді»,- деп жазды.

Ерқазы Сейтқали