Облыста 116 бағытта автобус маршруттары қарастырылған

Жамбыл облысы бойынша 116 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 12 маршрут облысаралық, 25 ауданаралық, 46 –ауданішілік және ауылішілік, 33 қалалық болып табылады.
Ал жалпы 28 тасымалдаушы қызмет көрсететін 711 бірлік автобус бар. Оның 133 облысаралық, 150 ауданаралық, 98 ауданішілік, 330 қалалық және қала маңындағы елді мекендерге бағыт алады.
Жалпы облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар 51 маршрутқа 2022 жылы 1,48 млрд.тг қарастырылған. Оның ішінде 2022 жылы ауданаралық 2 бағытқа 35,3 млн.тг, 3 темір жол бағытқа 270,9 млн.тг, ауданішілік 13 маршрутқа 225,3 млн.тг. қалалық 33 бағытқа 950,0 млн.тг қарастырылған.
Жамбыл облыстық маслихаттың шешімімен Тараз қалалық автобус маршруттары әлеуметтік маңызы бар болып танылып, 2021 жылға 780,0 млн.тг және 2022 жылға 950,0 млн.тг. қарастырылды.

Жамбыл облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы