Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс бабымен Әйтеке би ауданында болды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуды жалғастыруда. Бүгін ол қызмет бабымен Әйтеке би ауданында болды.
Возможно, это изображение дорога
Сапар кезінде Е.Тоғжанов Қарабұтақ ауылында болып, ауданның перспективті даму жоспарымен және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысты.
Осы жылдың жеті айы ішінде Әйтеке би ауданында 9,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, ауыл шаруашылығының жалпы өнмі 14,6 млрд. теңгені құрады. Есептік кезең ішінде 6,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, 7,1 мың м2-ден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 756 жаңа жұмыс орындары құрылды. Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов те ауылдық округтердің әрі қарайғы даму келешегі жайында баяндады.
Возможно, это изображение 13 человек, люди сидят, люди стоят и на открытом воздухе
«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданның елді мекендерінде биыл жеті көше жөнделіп жатыр. Облыс басшылығы Қарабұтақ ауылындағы жалпы ұзындығы 3,1 шақырым болатын үш көшенің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігерлер асфальт төсеу жұмыстары жуырда Ақтөбе облысына әкелінген битумдардың арқасында қысқа мерзім ішінде аяқталатынын жеткізді.
Жолдарды қарап жүрген кезінде Е.Тоғжанов тұрғындармен тілдесіп, ауылдарды дамытатын мемлекеттік бағдардамалар күшейтілетінін атап өтті.
Возможно, это изображение небо
«Жарын «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру басталады, қазірдің өзінде біздің облыста дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жоба ауыл тұрмысын жақсартуға, халықтың табысы мен тұрмыс жағдайын арттыруға бағытталған. «Ауыл аманаты» бұдан бұрын Жамбыл облысында жүзеге асырылып, жоғары нәтиже берген»,- деді облыс әкімі.
Ол сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Нысан 2023 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аудан басшылығы алдында бұқаралық спортпен шұғылданатындар санын қазіргі 35 пайыздан 50 пайызға дейін көбейту міндеті тұр.
Возможно, это изображение 7 человек и люди стоят
«Комсомол» ЖШС алқабында облыс басшысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының және қожалықтардың басшыларымен кездесіп, егіншілікті арттыру, егін жинау науқанын өткізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, егін жинау болжамдары мен шаруаларды толғандыратын басқа да мәселелер талқыланды. Е.Тоғжанов шаруаларды туған ауылдарының тұрмыс сапасын жақсартуға, халықтың жұмысқа орналасуына жан-жақты қолдау көрсетуге, жеке қосалқы қожалықтарын дамытуға шақырды.
Возможно, это изображение на открытом воздухе
Жұмыс сапары аудан орталығы – Т.Жүргенов атындағы ауылда жалғасты. Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарымен, 16 пәтерлі екі қабатты жалдамалы-коммуналды үйлердің құрылысымен танысып, құрылысы 2018 жылы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қысқа мерзім ішінде салып бітіруді тапсырды. «АСТ-Технология» мердігер мекемесіне жұмысты уақытылы орындамағаны үшін қатаң ескерту берілді.
Жұмыс сапарын түйіндген облыс басшысы Әйтеке би ауданы басшылығының алдына мемлкеттік бағдарламалардың орындалуына, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты нақты міндеттер қойды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі