ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Болашақ сенің қолыңда: өнертапқыш және жасампаз бол» ең үздік шығармаға (эссе) республикалық конкурстың қорытындысын шығарды.

Конкурсқа қатысуға Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларынан 8-11 сынып оқушыларының 397 шығармалары (эссе) қабылданды.

Конкурсқа ұсынылған материалдарды қарап, конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын шығарып, жүлделі орындарды былайша бөлді:

1-орын – Нұржанов Айсұлтан, Орал қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің;

2-орын – Болат Марғұлан, Астана қаласы, «Нұр Орда» Қазақ-Түрік лицейінің;

3-орын – Қожабекова София, Талдықорған қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.

Талқылау кезінде комиссия конкурсқа қатысқан жұмыстардың саны мен географиясы оқушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болғанын ескере отырып, таңдап алған тақырыптарды шығармашылықпен ашқаны үшін мына оқушыларды алғыс хатпен қолдау туралы шешімді бір ауыздан қабылдады:

​Макешова Адель, Павлодар облысы, Ж. Аймауытов ауылы, Ж. Аймауытов атындағы орта мектептің;

Абайдильдинова Камила, Астана қаласы, №1 мектеп-гимназиясының;

Ақбалеева Динара, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау мектебінің;

Бегімханова Айша, Орал қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің;

Бостыбаева Мадина, Семей қаласы, №48 орта мектебінің;​ 

Жұмаділда Гауһар, Тараз қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің;

Әділбек Абылайхан, Қостанай қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің;

Айсаутова Мөлдір, Ақтөбе қаласының, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК барлық қатысушыларға алғыс айтады және жеңімпаздарды құттықтайды.

Әділет министрлігінің

баспасөз қызметі