Нысандарды жобалау және техникалық қадағалау

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолдарды орташа жөндеу бойынша 26 жобаның және көшелерді қайта жаңарту бойынша 2 жобаның (Мәмбет батыр көшесі және Ташкент к.) тапсырыс берушісі.
Мекеме 2022 жылғы 16 қарашада «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» АҚ, «Арайстройгрупп» ЖШС, «КАТСА» ЖШС мердігерлерінің қатысуымен нысандарды жобалау және техникалық қадағалау бойынша техникалық кеңестің отырысын өткізді.
Кеңесте келесі мәселелер қаралды:
1. Өндірістік кестеден артта қалу;
2. «AMDOR-TS-1» арнайы қоспасын қолдану;
Талқылау қорытындысы бойынша мердігерлерге қосымша қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл ретте қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы көлемнің 2/3 бөлігінен аспауы тиіс.
Сондай-ақ «AMDOR-TS-1» арнайы қоспасын пайдалану тағайындалды.
Бұл мына жағдайларға мүмкіндік береді:
— асфальтбетон қоспасын өндіру температурасын 30-дан 40 °С-қа дейін төмендету;
— асфальтбетон қоспасын нығыздауды төсеу температурасын 30-дан 40 °С-қа дейін төмендету;
— жол құрылысы маусымын ұзарту;
— -5°С-қа дейін төмен температурада жұмыстарды орындау.
Техникалық қадағалаушылар жүргізілетін жұмыстардың сапасына және температуралық режимнің сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

Тараз қаласының әкімдігі