«Наурыз – достық пен ізгілік мерекесі» қойылымы балаларға ерекше әсер сыйлады

Жамбыл облыстық орыс драма театрында жыл сайын Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Биылғы жылы «Наурыз – достық пен мейірімділік мерекесі» атты театрландырылған қойылым жаңа стильде – орман тақырыбында өтуде.
Айлакер Боран мейірімді және сенімді Сәулені үйінен алдап алып кетеді, өйткені оның баспанасы еріп, шалшыққа айналған еді. Үмітсіз Сәуле орманды аралап жүріп, дана ақсақалды кездестіреді! Ол Боранды қуып жібереді.
«Көктем келді» – деп кейіпкер табиғаттың жаңарғанына қуанып, жар салаДы.
Қойылымның режиссері – ҚР Мәдениет ісінің үздігі Ольга Ізбасарова, қоюшы-суретшісі – Рахат Сапаралиева, балетмейстер – Шүкүржан Хакімбаев.
Олар жас көрермендердің назарын жарқын бейнелерге аударуға тырысып, ізгілік пен достыққа үндейге күш салған.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамын тойлау аясында театр ауылдарға гастрольдік қойылымдар ұйымдастыруда. Байзақ ауданы, Жасөркен ауылында аталған мерекелік қойылымды тамашалауға 220 адам келсе, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылына 206 көрермен келді.

Дәстүр бойынша театр мерекелік қойылымның «Қамқор жүрек» қайырымдылық қорының балаларына арналған көрсетілімдерін де өткізеді.

Жамбыл облысының әкімдігі