Намысың қайда, қазағым

 

 

Намысың қайда, қазағым

Өкiнiшке орай, Астана әкiмдiгi сәуiр айында Қазақстан халықтары Ассамблеясында берiлген тапсырманы орындады. Қыркүйектің басынан бері жолақымен «жағаласып» автобустағы аялдама жариялау қос тiлге көшті.   Бұрын тек қазақ тiлiнде ғана  еді…

 

Тұғырынан түскен қазақ тілін «жұбату» жыры

 

«Еліме менің не болды, еріме менің не болды»,

Деп жылаған кезіңде, үнсіз тұрдым мен сорлы.

Екі-үш жыл сайран сап едің, Астананың төрінде,

Үніңде жарқын шығатын, елбасының тілінде.

Жылама күнім?!

 

Жақпады-ау бәлкім біреуге, асқақтау қалпың, тынысың,

(Ананың тілін қайтеді, жүргендер мәз боп күні үшін).

Жыланның айыр тіліндей – қос тілде бізде барлығы,

Даралау шығып құладың, кім берер енді қол ұшын?!

Түсті ме құның?!

 

Ел сүйген ұлың әкім боп, тұрғанда күйің мынадай,

Басқаға күнің қараса, не болар арты, құдай-ай?!

Шыдашы сәл-пәл сынаққа, өтерде кетер бұл күнің,

Кезеңде келер қайтейін, жанатын көзің шырадай.

Құлама күнім!

 

Қайтесің босқа қамығып, сенсіз де  жұмыс жетерлік,

Шыдағын тағы біршама, қаныңда бар ғой көнтерлік.

Сен үшін күрес біткен жоқ, бітпейді және жуырда,

Өзге тіл шығып мінберге жасап жүргенде менмендік.

Жылама тілім?!