Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болды

Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді.Қазақстан Респуликасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Респуликасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 97-1 бабының 6 тармағына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Р.Склярдың депутаттық өкілеттігі Қазақстан Респуликасы ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының ақпараттық-идеологиялық бағыты мен ұлттық-патриоттық мәселелеріне жауапты азамат, белгілі журналист Берік Уәлидің ойынша Н.Нығматуллин  Елбасының ерекше сеніміне ие адам ретінде Мәжіліс спикері болып тағайындалуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта Парламент жұмысын толыққанды, кешенді қамтамасыз ету үшін саяси беделге ие, мықты оратор, саяси жетекші қажет. Сонымен қатар, елде саяси реформалар жүзеге асырылатын болса, Парламенттің рөлі күшейіп, көптеген міндеттер жүктелуі мүмкін. Осы уақытта заң атқарушы органның жұмысын реформалау, өзгерістер енгізу сияқты жаңғырту жұмыстарын білікті де салмақты, кәсіби менеджер ғана жүргізе алады. Өзіміз білетіндей, сапалы қабылданған заң актілері реформалар кешенін жүргізуге негіз болғандықтан, бүгінгі күн тәртібінде кәсіби Парламент жұмысы қамтамасыз ету өзекті болуда,- дейді Берік Уәли.