Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында өңірімізге келді

Ақ пен қараның, жақсы мен жаманның алмасуымен қатар, ақпарат ағынының тасқындаған ғасырында ұлтты және ұлттық құндылықтарды, ең бастысы, жас ұрпақты тәрбиелі де саналы азамат ретінде сақтап қалу өте күрделі мәселе болып отырғаны белгілі. Қазіргі таңда шын мәнінде қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға, орын алып жатқан орны толмас қайғы-қасіреттерге қарап еріксіз осылай демеске амалымыз жоқ.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас редакторы Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы «Ел аманаты: Ауыл – ел бесігі» экспедициясы аясында ауданға аялдап, ұстаздар қауымымен жүздесті.
Алдымен Сәуле Мешітбайқызы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен жүздесіп, бүгінгі сапардың мақсатына тоқталып, М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінде ауылдық округ әкімдері мен аудан ұстаздарымен жолықты.
Сәуле Мешітбайқызы халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «AMANAT» партиясы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты және «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен экспедициясының биыл «Ел аманаты: «Ауыл – ел бесігі» деген атаумен жалғасын тапқанын айтты.
Аудан халқына, ауданда атқарылып жатқан игі істерге, ел игілігі үшін қызмет атқарып жүрген басшыларға ризашылығын білдірді.
Қоғамдағы орын алып жатқан жайттарға, бүгінгі адамдардың көзқарасына, ұлт, бала тәрбиесі туралы салмақты сөз сабақтап, емен-жарқын әңгімелесті.

Жамбыл ауданы әкімдігі