МЕРКІЛІКТЕР ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Меркі ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.

Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын «Жібек жолы» би-ансамблінің тамаша композициясы түрді.

Бағдарлама Ш.Мамасерікованың сөзіне жазылған «Мерей» вокалды-инструментальді ансамблінің және «Меркі әуендері» ән-би ансамблінің әншілерінің «Жерұйығым – Меркім!» әнімен басталып, «Таразым», «Желкілдек», «Ақжайнақ», «Меркі», «Қара жорға», «Жеңешем» және т.б ескі һәм есті шығармаларға ұласты.

Сондай-ақ, «Көзқарасың», «Өзгеше биле», «Жүрек алдамайды», «Досыма жазған», «Ләйлі», «Настальгия», «Сені маған тәңірдің өзі сыйлаған», «Сырғаңның сыңары», «Майда-майда» т.б бірқатар заманауи әндер шырқалды.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін аудан өнерпаздарының қатысуымен әр аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін болады.

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы