Мерекелік кеш өтті

Таразда белгілі театр және кино актері, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.
📍Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесін құттықтап, оның өңіріміз бен еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан елеулі еңбегін атап өтті.
❗️Шара барысында аймақ басшысы тараздықтармен бірге «Абылай ханның ақырғы күндері» спектаклін тамашалады.
✅ Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі басты рөлді сомдаған қойылымда қазақтың ірі тұлғасы — Абылай ханның ел басқарған жылдардағы ерлік істері мен аңсар-тілегі шебер суреттеледі.