Мемлекеттік хатшы Ұлттық әскери-патриоттық орталықты аралады

Астана. 4 мамыр. Baq.kz — Отан қорғаушы күні және Ұлы отанр соғысындағы Жеңістің 71 жылдыын мерекелеу қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астана қаласында орналасқан Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды.  

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығы өткен жылдың 1 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан еді. Орталықтың құрылымын әскери-тарихи музей мен орталық әскери оркестр және орталық ансамбль құрайды.

Мемлекеттік хатшы алдымен әскери-тарихи музейдің экспозицияларымен танысты. Одан кейін «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

76cda13e5d4a27cbc3060a75a5893900

«Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміздегі қастерлі мерекелер Отан қорғаушы күні және Ұлы отанр соғысындағы Жеңістің 71 жылдыын мерекелеу қарсаңында өтіп отыр. Жас ұрпақтың аға буынның ерлік жолын үлгі тұтып, отанды қорғау деген қасиетті борышты бойына сіңіруі мемлекеттіліктің негізін қалыптастырады. Қазақстанның қуатты ел болуына негіз қалайды. Сіздер білесіздер, Ұлы отан соғысы кезінде 1 млн 300 мыңнан астам қазақстандықтар соғысқа аттанды. Оның ішінде 500 мыңнан астамы жер жастанды. Қазіргі кезде ардагерлерден 3662 адам ғана қалды», – деді Гүлшара Наушақызы.

Кездесуде елімізді одан әрі дамыту және гүлдендіруге бағытталған «Мәңгілік ел» патриоттық актісін іске асыру аясында өскелең ұрпақшы әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрибелеу жөніндегі құзырлы органмен тиімді қарым-қатынас орнықтыруды қамтамасыз ету аясында пікір алмасты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ҚР Қарулы кұштерінің имиджін одан әрі нығайтуға бағытталған 62936 адамды қамтитын 2229 әскери-патриоттық клубтар, үйірмелер, секциялар бар.