Мемлекеттік қолдау мал басын көбейтуге жол ашты

Мемлекеттік қолдау жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың нәтижесінде төрт түлік малда да өсім бар.
Жыл басынан мүйізді ірі қара 25 059 басқа, қой-ешкі 268 529 басқа, жылқы 8 592 басқа, түйе 3 196 басқа, құс 25 337 басқа жеткізілді.
Өндірілген ет пен сүт көлемі артты. Атап айтқанда, жыл басынан барлық санат бойынша 4260,1 тонна ет, 3448,6 тонна сүт (сиыр сүті), 2 485,6 мың дана жұмыртқа (тауық жұмыртқасы) өндірілді.
Ет экспорты бойынша «Мерке ет комбинаты» ЖШС-не ауданның үш шаруашылығынан 1700 бас қозы еті өткізілді. Экспортталған еттің жалпы салмағы 22,5 тоннаны құрайды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі