Мемлекеттің пайдасына 1 225 200 тг. айыппұл өндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2022 жылдың қорытындысы бойынша рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны және мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тартқандары (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы) үшін 21 лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 31 хаттама толтырылды.
Оның ішінде, аталған заң бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына 5 хаттама толтырылды.
Заң бұзушылықтар келесі салаларда орын алған: жер қатынастары-15, сәулет және қала құрылысы-8, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану-6, жүк тасымалдау-2.
Орын алған заң бұзушылықтардың нәтижесінде толтырылған әкімшілік хаттамалардың басым бөлігі,яғни 28-і жергілікті атқарушы органдарға тиесілі болса, қалған 3-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің еншісінде.
Әкімшілік істердің барлығы қысқартылған іс-жүргізу тәртібінде қаралып, сомасы 1 225 200 тг. көлемінде айыппұл салынды және аталған сомалар бюджетке толық өндірілді.
Әкімшілік жазалардың барлығы мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басшылық құрамына қолданылды.