«Мектепке жол» республикалық акциясы

Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін елімізде жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасатын дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде.

Оған барлық ниет білдірген, жанашыр жандар-еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Аталған қайырымдылық шарасына жыл сайын Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді түрде атсалысады.

Жақында «Мектепке жол» акциясы аясында Республикалық «Архыз» қарашай-балқар этонмәдени бірлестігінің Жамбыл филиалының өкілі Таня Апаева Қордай ауданында көпбалалы отбасының екі баласын мектепке дайындауға көмектесті. Қайырымды жан оларға мектеп киімдерін, оқу құралдарын, сөмкелер сатып алып берді. Енді балалар мектепке толығымен дайын.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығы