Мектепке дейінгі ұйымдардағы апробация

Ағымдағы жылдың 22 қараша күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» директорының орынбасары Ерманова Мария Наятовна «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог», «Өсу нүктелері» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарын апробациядан өткізу бойынша Тараз қаласындағы №35 «Ер Төстік» және Жамбыл ауданы «Нұршуақ» бөбекжай-бақшаларының ұжымымен кездесіп, апробация барысымен танысты.

Жұмыс барысында педагогтармен апробацияны өткізуде топта жұмыс жасайтын педагогтардың қызметін үйлестіру, заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру, сапаны бағалау өлшемшарттарын қолдану бойынша пікір алмасып, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар Мария Наятовна пилоттық жоба туралы педагогтардың пікірлерін тыңдап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жамбыл облысының білім басқармасы