МЕКТЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛМЕК

Құрметті әріптестер! Қадамдарыңыз құтты болсын! Айтарыңыз, жазарыңыз, жеткізеріңіз, бөлісеріміз көп болсын!

Нұржамал Әлішева,

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің

бөлім меңгерушісі

————————————————————————————————————————

Алматы облысында апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесі толығымен шешіледі.

Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы құрылыс мәселесін арқау еткен брифингте Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Марат Нүсіпбаев мәлімдеді.

20160325_101523

Облыста барлығы 24 апатты мектеп болған. Оның ішінде 23-нің апаттылығы жойылған, ал Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы мектептің жайы 2016-2017 жылдарға Ұлттық қор есебінен қарастырылып отыр. Биыл 41 мектеп құрылысы жоспарланса, оның 9-ы пайдалануға беріледі. Қалған 32-сі келер жылы қолданысқа тапсырылады. Енді облыстағы балаларды үш ауысымда оқытатын мектептер жайына тоқталар болсам, мұндай барлығы 59 мектеп болған. Олардың мәселесін шешу үшін 51 мектеп құрылысы жоспарланып, 11 -і   былтыр пайдалануға берілді. Ал, 2015-2016 оқу жылында үш ауысымда оқытатын 48 мектеп есепке алынған болатын. Оны шешу үшін 42 мектеп құрылысы жоспарланып, оның ішінде 10 мектеп құрылысы іске асырылуда. 28 мектептің құрылысын  2016-2017 жылдары  бастау жоспарланған. Келер жылы Ұлттық қор есебінен – 20, ал жергілікті бюджеттен 8 мектеп пайдалануға беріледі. Қалған 4 білім ордасы 2016-2017 жылдары жергілікті бюджет есебінен іске асырылады, – деді Марат Омарұлы.

Осылайша, 2017 жылы Алматы облысында үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселелері толығымен шешілмек.

Сондай-ақ, облыс орталығындағы құрылысы қарқынды жүріп жатқан Оқушылар сарайы жастардың дамуы үшін маңызды жобалардың бірі болып саналады. Оның есігі биылғы наурыздың соңына қарай айқара ашылмақ. Ауқымды жобаның жүзеге асырылуына жергілікті бюджет есебінен 2 млрд. 945,5 млн. теңге бөлінген.