МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 110,4 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Аймақта жыл басынан бері мал шаруашылығында 110 426,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 30,4 процентке артты. Мал шаруашылығындағы өнімдердің артуына ет өндірісінің – 1,8%-ке, сүт өндірісінің – 1,5%-ке өсуі әсер етті.
Сондай-ақ, облыстағы жалпы мал саны 4,5 млн. басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке артты. Оның ішінде, мүйізді ірі қара – 535,5 мың бас, қой мен ешкі – 3 839,1 мың бас және жылқы саны – 179,5 мың басты құрады.
Айта кету керек, бүгінгі күнге мал шаруашылығы бағытындағы 3 714 шаруашылыққа 7,7 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы