Мақсат Әбдіқадір: ДЦП — Жазылмайтын ауру емес …

Адам болған соң ауру-сырқаусыз болмайды. Басы ауырып, балтыры сыздаған әрбір жан дертінің шипасын іздеп ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгініп жатады. Алайда, ауыл-үйдің арасындағы дәрігерлерді қойып, алыс-жақын шет елдерден де емі табылмайтын ауыр сырқаттар мен жұмбақ аурулар көп емес. Ол жағдайларда өкінішке орай дәрігерлердің де дәрменсіздік танытатын кездері болады. Медицина тілінде «ДЦП» аталып жүрген церебральды сал ауруы – бүгінде біраз отандасымызды қайғыға салған ауыр дерт болып отыр. Бүгінгі әңгімеміз де осы ауыр сырқаттың емін тауып, тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбегінің арқасында көптің ризашылығын алып жүрген медицина ғылымдарының магистрі, ҚХР инемен емдеу қоғамының мүшесі, ересектер мен балалар невропатологы, иглотерапевт, жоғары санатты дәрігер Мақсат Әбдіқадырұлы басқаратын «MAKSAT Мед» медициналық орталығы туралы болмақ.

-Ассалаумағалейкум, аға. Оқырмандарға ең алдымен орталық туралы айта отырсаңыз.

-Уағалейкумассалам! «MAKSAT MEД» медициналық орталығы 2011 жылы 1 мамырда Алматы қаласында құрылған болатын. Содан бері халыққа өз қызметін ұсынып келеді. Осы күнге дейін орталыққа 55 мыңнан астам адам келіп, ем алды. Олардың ішінде тек Алматы тұрғындары ғана емес, еліміздің басқа облыстарынан, ТМД елдерінен, Қытайдан арнайы келіп ем қабылдағандар бар.

Орталықта ДЦП-дан басқа да ауруларды заманға сай аппараттар мен құрылғы, қондырғылардың көмегімен емдейміз. Атап айтқанда, жүйке жүйесі, қан тамыр, ас қорыту, зәр шығару жүйелеріне қатысты сырқаттарды емдейміз, гинекология, стоматология кабинеттеріміз және бар.

-Жөн екен. Жаңа осы күнге дейін орталыққа 55 мың адам келіп, ем алды деп қалдыңыз. Бес жыл ішінде бұл аз көрсеткіш емес. Ал, солардың ішінде, ДЦП секілді бүгінгі медицина қауқарсыздық танытып отырған ауыр сырқаттар бойынша көмекке жүгінгендер саны қанша?

-Осы 55 мың кісінің ішінде тек 1130 науқас «ДЦП», яғни церебральды сал ауруы дерті бойынша емделгендер. Аталған ауру түрімен орталығымызға келген осы мыңнан астам науқастың ішінде сексен науқас бүгінде науқасынан айығып, орталықта тұсауы кесілді. Бұл дегеніңіз ДЦП-мен келгендердің он пайызға жуығы бүгінде ауруынан айығып кетті деген сөз. Әлі де күрделі емдеу процедураларынан өтіп жатқан науқастар бар. Олардың да жақын күндері науқасынан айығатынына сенімдіміз. Осы орайда, біздің «MAKSAT Мед» орталығы ДЦП-мен ауыратын балалардың емі ойдағыдай аяқталып, оң нәтижеге жеткенде қазақ дәстүрімен олардың тұсауын кесуді, сөйтіп ақ жол тілеп аттандыруды тұрақты жүргізілетін рәсімге айналдырғанын да айта кеткен жөн деп санаймын.

-Елде осы ДЦП дертіне шалдыққандар саны туралы нақты статистикалық мәліметтер бар ма?

-Оның ешқандай құпиясы жоқ. 2015 жылы осы науқаспен ауыратын балалар саны Қазақстанда 13238 баланы құраған. 2010 жылы бұл көрсеткіш 11018-ді құраған еді. Бұл жерден біз аталған науқаспен ауыратын балалар санының біршама өсіп отырғанын көреміз. Бұл ауруға нәрестенің миының дамуындағы кемшіліктер, тұқым қуалаушылық, шала туған балалардың жетілуіндегі кемшіліктер себеп болады.

Осы орайда, ДЦП-менн ауыратын балаларды емдеудегі мына бір жайтты айта кету керек. Балалардың миы 8 жасқа толғанда ересек адамдардың миындай жетіліп қояды. Сол үшін науқас балаларды сегіз жасқа дейін емдетсе, оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік мол.

-Орталықтың негізгі емдеу тәсілдері, қолданатын дәрі-дәрмектері жайлы да айта отырсаңыз.

— Біздің орталықтағы негізгі емдеу жолдары ол – ине салу, сылап, сипап емдеу (массаж) және табиғи дәрілік шөптер пайдалану. Ми жүйесіне, жүйке жүйесіне әсер ететін тітіркендіргіш құралдар бар. Солардың көмегімен ем жасаймыз. Қазір орталықта қызмет атқаратын 24 дәрігер осындай тәсілдермен науқастарға көмек көрсетуде.

Жалпы, біздің орталық Шығыс медицинасы мен қазақтың дәстүрлі шипагерлік өнерін ұштастыруды мақсат тұтады. Мысалы, бір ғана тамыр ұстау арқылы диагностика жасауды алайық. Білмейтін азаматтар мұны бақсы-балгерлікпен шатыстыруы мүмкін. Ал, тамыр ұстау дегеніміз – үлкен ғылым. Оның қазақ медицинасында тоғыз түрлі әдісі бар. Ата-бабаларымыз ерте замандардан бастап осы тәсілмен, көзіне қарап, өңіне қарап-ақ диагноз қою қасиетіне ие болған. Біз келушілердің тек тамырын ұстап қана қоймай, ауруының сырын УЗИ сияқты заманға сай құралдарды пайдалану арқылы да анықтаймыз. Шөп дәрілерді пайдалануда, ине салуда да үлкен ғылыми негіздер бар. Ол туралы қызығушылық танытқан азаматтар менің 2015 жылы жарыққа шығарған «Қазақ медицинасы» кітабымнан оқып білсе болады.

— Естуімізше сіздер бедеулікті де емдейтін көрінесіздер…

– Бізде бедеулік емделмейді деген түсінік қалыптасқан. Олай емес. Осы уақытқа дейін өз басым бірнеше отбасының балалы болуына қол ұшын создым.

Бір ғана мысал, он бес жаста қызы бар, екінші рет бала көтере алмаған бір әйел Жаркенттен келіп емделді. Сөйтсек, қалқанша безі ісініп кеткен екен. Әуелі «зобын» емдедік, бірінші емдеу мерзімі аяқталған соң, «біраз демалып, қайта айналып келерсің» деп үйіне қайтардым. Сол екі арада толыса бастайды. «Ішім ісініп кетті» деп жергілікті дәрігерге барса, құрсағында үш айлық баласы барын айтыпты. Құдайға шүкір, аман-есен босанып алды.

Науқастардың құлан-таза айығып, бір перзентке зар болып жүргендердің сәби сүйгендігінен асқан қуаныш бар ма?!

– Мүлде бала көтермеген, жасы біразға келіп қалған қыз-келіншектерге қандай кеңес бересіз?

– Әйелдердің ішінде бір-ақ адам бала көтере алмайды. Ол – бедеу, яғни аналық безі жоқ әйел. Табиғи жаратылысынан аналық безі жоқ нәзік жандылар өте аз. Сондықтан денсаулығында кінәраты бар әйелдер дұрыстап емделсе, бала сүю мүмкіндігі үлкен. Экологияның бұзылуынан неше түрлі аурулар бас көтерді, әйтпесе бұрынғы апаларымыз 53-55 жасына дейін бала тапқан. 55 жастан кейін мүмкіндік өте аз, бірақ бұл жаста да ана атануға болады. Сондықтан ана болу бақытынан ешқашан үміт үзбеңіздер. Тек айтарым, бойжеткендеріміз ертерек тұрмыс құрып, бала сүюге асықса екен. Өйткені әйелдердің қасаға сүйектері 25 жаста біріне-бірі бітіп кетеді. 21-23 жасында босаға аттап, балалы болса, өздігінен босану мүмкіндігі мол. Ал екі мүшелден асқан соң шат сүйегі ашылмайды. Соның салдарынан көптеген клиникаларда өзі босанады деп, ата-ана тәуекелге барып, кесер тілігін жасауға рұқсат бермей жатады. Дәрігер мамандардың да өз күші жетіп қалар деген үміті болады. Сөйтіп отырғанда, бала іште тұншығып қалады. Сондықтан дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, ортақ шешім қабылдаған дұрыс. Ата-аналар перзентінің ертерек үйленіп, ертерек перзентті болуына ықпал етсе, құда да, құдағи да тыныш.

-Жақсы. Енді оқырмандар арасында орталықтың көмегіне мұқтаж азаматтар болуы мүмкін. Сол кісілерге медициналық мекеменің мекен-жайын айта кетсеңіз.

-Қазір біз тек Алматы қаласында қызмет көрсетеміз. Жақында кең, емдеу процедураларына мол мүмкіндік беретін жаңа ғимаратқа көштік. Нақты мекен-жайы: Алматы қаласы, «Ақбұлақ-1» ықшам ауданы №3 үй (Рысқұлов даңғылы мен Б. Момышұлы көшесінің қиылысы). Алыстағы ағайындар 8727 2257007, 8727 3383092 телефондарына хабарласып, кеңес алса болады. Сонымен қатар, орталықтың жұмысы туралы maqsat.kz, maкsat.kzсайттарынан да мәліметтер таба алады.

— Сұхбат бергеніңізге рақмет.

Сұхбаттасқан: Жомарт Абдоллаұлы

Дереккөзі: Қамшы сайты