М.Әшімбаев: Желтоқсанды әкем арқылы қабылдадым

Тәуелсіздіктің тау тұлғалары

«Иә, Желтоқсанға мен де қатыстым. Әкеме айтпай жүріп қатыстым. Ол кезде жасым 15-те болатын. photoКомсомолға жаңа қабылданған кезім. Әрине, жас болғандықтан көп нәрсені білмедім, түсінбедім. Бірақ, Желтоқсанды әкем арқылы қабылдадым. Өз әкемді үлгі тұтамын. Өйткені, оның тағдыры әлі күнге көз алдымда. Әкем өз ұлты, өз елі үшін көп жұмыс жасады. Елінің егемендігіне көп еңбек сіңіріп кетті. Бірақ, 1991 жылдың тамызында 44-ақ жасында бақилық болды. Тым ерте кетті. Бір өкініштісі, тәуелсіздік алуымызға бірнеше ай қалғанда өмірден озды. Әттең, Қазақ елінің азаттық алғанын көре алмай кетті. Әкемнің бір ғана ерлігі – 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан алаңында болған оқиғаны биік үйдің үстінен жазып алғаны. Ол кезде таспаға түсіру былай тұрсын, алаңға барудың өзі үлкен қауіп еді. Ал әкем басын бәйгеге тікті. Жалпы, 1986 жыл әкем үшін, отбасымыз үшін қиын болды. Коммунистік партияның сол кездегі басшылары әкемді «ұлтшыл» деп біраз қудалады»…..

Төлен ТӨЛЕУБАЙ

(Мәулен Әшімбаевтың «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатынан алынды. 21 желтоқсан, 2012 жыл)