Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті.

Астана. 1 сәуір. Baq.kz – Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚР Парламенті мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі. 

Күн тәртібінде бірқатар ратификациялық құжаттарды жұмысқа қабылдау мәселесі қаралды. Олар: Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қазақстанда офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы, сонымен қатар, Македониямен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты болмақ.e5ea8d39b9c388bac9297eeed2ac3ca0

Сондай-ақ, жалпы отырыста азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды талқылау ұсынылып отыр.

Заң жобасында үлестік меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелерінде азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті белгіленген тәртіппен бөліп шығару мүмкін болмаған жағдайда, соттың оны жария саудаға салып сату туралы шешім қабылдауы бойынша императивті норма белгілеу қарастырылады.