Кубада XIII Криминология бойынша халықаралық форум өтті.

ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасарының XIII Криминология бойынша халықаралық кездесуге және Заңдылықтың, құқық пен қоғамның бірінші

іс-шарасының жұмысына қатысуы туралы баспасөз ақпараты

(Варадеро қ., 2016 жылғы 23-25 наурыз)

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Варадеро қаласында (Куба Республикасы) өткен XIII Криминология бойынша халықаралық кездесуге және Заңдылықтың, құқық пен қоғамның бірінші іс-шарасына қатысты. Форумда әлемнің 20-дан астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ халықаралық, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың және ғылыми ортаның өкілдері бас қосты.

Ашылу рәсімінде Куба, Венесуэла, Боливия және Эквадордың бас прокурорлары сөз сөйледі.

Форумда адам саудасы, сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту және үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді.

Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, күн тәртібінің өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, адам құқықтарының кепілдігін қамтамасыз ету, қоғам және мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерді жұмылдыру жөніндегі барлық елдерге ортақ стратегиялық міндеттерден туындағын.2016030412101212138_20121004185257

Конференция аясында И.Меркель Венесуэла мен Эквадордың бас прокурорларымен, сонымен қатар Қытай мен Ресей бас прокурорларының орынбасарларымен келіссөздер жүргізді.

Кубаның Бас прокурорымен кездесуінде тараптар халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизммен және терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаны, ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту мен күшейту және жедел ақпаратпен алмасу мәселелері қозғалды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі