Кооперативке бірігу – еңбектің өнбегін еселеп көрсетеді

Кооперативке бірігу берекеге бастайтыны белгілі. Бұны Елбасы «100 нақты қадам» Ұл жоспарында нақты айқындап берді. Бүгінде Жамбыл облысында бір ортаға шоғырланып, ортақ іске ұйытқы болып отырған шаруалар аз емес. Олардың еңбегінің өнбегі жылда еселеніп келуде. Осыған орай, облыс әкімі Асқар Мырзахметов те кооперативтердің көкжиегін кеңейтуге мықтап күш салуда. 

Қарапайым есепке салсақ, қазір 676 аулада  54 гектар жер бар десек, оның 46 гектары қолданыста. Осы жерден жылдық табыс 60 миллион теңге. Енді сол жердің ұйымдастырылған түрде 25 гектарына қызанақ және 17 гектарына картоп өсіру жоспарлаймыз. Сонда табыс 533 миллион теңгені құрағалы отыр.

Ол үшін кооперативтің есебінен 45 тонна сапалы тұқымдармен, 18 тонна минералды тыңайтқыштармен және бір агрономды айына 100 мың теңге айлықпен 6 айда ұстау үшін, өсірілген өнімді сатып алу үшін  өнімді сұрыптауға және тасымалдауға дайындайтын жабдық үшін 3 миллион теңге, жалпы 23,7 миллион теңге қажеттілік анықталуда. Бұдан бөлек 102 аулада шағын 3-5 сотық жылыжай салу үшін 364 миллион теңге қажет. Барлығы 387,7 миллион теңгені құрайды.

Екінші бағыт, мал бойынша 161 аулада 256 сауылатын сиыр бар.

Малдары жоқ 502 ауланы тиімділікті ескере отырып кемінде 2 сиырмен қамту үшін 401,6 миллион теңге қажет.

Бастапқы кезеңде 257 аулаға кооператив есебінен 336 ірі қара мал, 850 бас қой, 2900 бас құс сатып алуға болады. Сондай-ақ, сүт жинау үшін 2,0 тонна  танкер қажет.

Бұдан басқа, кооператив есебінен тәулігіне әр сиырдан 10 литр сүт сауу үшін пай үлесі есебінен қажетті егіс алқабы анықталып, МТЗ-80 тракторы, тұқым сепкіш және комбайн, лизингке алынады. Барлығы 373,3 миллион теңге қажет.

Осы сияқты есептеулер әрбір елді мекен, әрбір ауылдық округ бойынша және жалпы аудандар бойынша саналғаны абзал.

Облыстың барлық 153 ауылдық округтерінде кооперативтер құру үшін қажетті сома 9,1 миллиард теңгеге дәл қазір жетіп отыр.

Облыс әкімі Асқар Исабекұлының жуырдағы  барлық елді мекендерін жаппай мониторингілеу барысында жалпы сомасы 17 миллиард теңге болатын 6 мыңнан астам шағын жобалар анықталған.

Бұл  табысы аз, жеке аулалары жоқ қала тұрғындарын қолдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Тараз қаласында 43 571 аула бар болса, онда жеке қосалқы шаруашылықты қолдау бойынша ұсынылған шараларды пайдалануға болады.

Сонымен, облыс халқын, бірінші кезекте ауыл тұрғындарын барынша қамту үшін қажетті сома – 46,4 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Әрине, әрнірседе алты өлшеп барып, бір кескен абзал екені белгілі. Алайда кооперативтер құру бүгінгі күннің басты мәселесі екені және ол арқылы шағын және орта кәсіпкерліктердің көкжиегі кеңейе түсетіні айдан анық нәрсе болып отыр. Сондықтан жамбылдықтар бұл жобадан шет қалмай, бірігіп тіршіліктің тайқазанын қайнатқандары жөн.

 

Төлен Дедек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған