Конституциясы күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция – ел дамуының кепілі» атты салтанатты жиын өтті.

Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Әрі қарай алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан тұрғындарын келе жатқан келелі мерекелерімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен жемісті еңбегі үшін облыс, аудан әкімінің Құрмет Громотасы мен Алғыс хаттарын бірқатар азаматтарға табыстады.

Марапат соңы мерекелік бағдарламаға жалғасып, «Атамекен», «Жаса қазағым», «Елге тілек», «Аманат», «Біз қазақпыз», «Туған ел», «Аман болшы ағайын», «Мақтансын қазақ» тақырыптарындағы патриоттық әндер шырқалды. «Айжанқыз» би ансамблінің орындауындағы қазақ биі мен «Бүлдіршіндер» биі кешті одан әрі қыздыра түсті.

Аудан әкімі концертке жиналған ақжаулықты аналарға тосыннан гүл беріп, керемет көңіл-күй сыйлады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі