“КИРОВ” СУ ҚОЙМАСЫ

Биыл “Киров” су қоймасының бас құрылымында жөндеу жұмыстарын жүргізуге 69,0 млн. теңге бөлінді. Қазір жұмыстың жартысына жуығы атқарылды.

Бұдан басқа №6 конустық ысырманы жаңасына ауыстыруға 196,0 млн. теңге қаралған. Ысырманы орнату қараша айының бірінші онкүндігінде аяқталуы тиіс.
Су қоймаға қайта су жинау осыдан кейін басталады.
Бүгінгі күнге су қойманың табанында 23,0 млн. текше метр су жатыр.
Қанатбек Мәдібек,
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары