Киіктеріміздің саны 108 мың екен

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18-сәуір мен 3-мамыр аралығында Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясы және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп, Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясының киіктеріне кезекті әуе санақ жүргізді. Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Әуе санақтың нәтижесі бойынша, 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300  дарақты, атап айтқанда, Бетпақдала таралымдарының саны 36200 дарақты, Орал таралымы 70200 дарақты және Үстірт таралымы 1900 дарақты құрады. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерліктен киіктерді  қорғау жұмысын ұдайы жүргізіп отыр. Мәселен, республикада киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін олардың қоныс аудару мен төлдеу, қыстау кезеңіндегі концентрациясының негізгі орындарында Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, «Охотзоопром» ӨБ» мекемелерінің қызметтері күшейтіле түскен.

Орал популациясын қорғау мақсатында «Охотзопром» ӨБ» базасында Орал қаласында орналасқан жергілікті Оралдық бөлімше құрылды. Бетпақдала популациясын қорғауды Ақбөбе және Астана қалаларында орналасқан жергілікті Батыс және Орталық бөлімшелері қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін  «Охотзоопром» ӨБ» базасында заманауи көлікпен қамтамасыз етілген, тәжірибелі инспекторлардан құрылған 4 арнайы мобильдік топ жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2014 жылы заңсыз киік аулаудың, сондай-ақ, олардың мүйізін сату және сатып алудың 79 фактісі, 2015 жылы – 107 факті және 2016 жылдың 5 айы көлемінде 33 факті тіркелген.

Киіктерді сақтау жолында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті нақты іс-әрекеттермен қатар халықаралық ынтымақтастық жолында: Ресей Федерациясымен және Өзбекстан Республикасымен, Түркіменстанмен киіктерді сақтау жөніндегі келісімге қол қойылған. Киіктерді сақтау жөніндегі халықаралық келісім көршілес республикалардың территорияларын қамтитын киіктердің таралым аймағына негізделіп жасалған.