КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлының басшылығымен апталық мәжіліс өтті. Мәжілісте күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселер талқыланып, әкімдіктің жауапты бөлім басшылары мен ауыл,ауылдық округ әкімідері тарапынан жасалып жатқан жұмыстар барысы айтылды.
Күн тәртібінде аудан елді мекендеріндегі ақпараттық тақтайшалардың жай- күйі және Бірлік, Биназар ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық даму туралы, округ әкімдері Қуаныш Оспанов пен Бағдат Наурызбаевтардың есебі тыңдалды.
Жиын басталар алдында аудан әкімі Ә.Балқыбеков аудандағы короновирус инфекциясына байланысты аудандық орталық ауруханасының дәрігері Назира Бекболатовадан қазіргі жағдайды сұрап білді.
-Қазіргі таңда оң нәтижелі 12 адам тіркелді, ал вакцинация жұмыстары баяу. Пайыздық өлшеммен алатын болсақ 83,9 % құрап отыр, — деді аудандық орталық ауруханасының дәрігері Назира Бекболатова.
Бұл туралы аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы түсіндірме жұмыстарын қолға алу керектігін атап, тиісті орынбасарымен ауыл, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Содан соң аудан елді мекендеріндегі ақпараттық тақтайшалардың жай- күйі туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуат Ембергеновтен сұрап білді.
Бұл туралы Қуат Дулатбекұлы тиісті анықтамасын жеткізді. Анықтамаға сүйенсек аудан бойынша барлығы 101 сыртқы көрнекі ақпарат құралдары ілінетін арнайы ақпарат тақталары бар. 2022 жылдың басынан бері ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жаңадан баннер ілу тапсырылған. Қазіргі уақытта аталған тапсырма өз деңгейінде орындалмай отырағынын жеткізді.Сондай-ақ тиісті ауыл, ауылдық округтердегі көрнекі ақпарат тақталарының бөлінісі туралы атап, идеологиялық тақырыпта ілінетін баннерлердің іліну шартаты мен орналастыру заңдылықтарын түсіндіріп өтті.
Бұл жөнінде аудан басшысы округ әкімдеріннен тиісті анықтамаларын ала отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды ширату керектігін баса айтты.Содан соң Бірлік, Биназар ауылдық округінің әкімдері Қуаныш Оспанов пен Бағдат Наурызбаевтардың әлеуметтік экономикалық даму туралы есебін тыңдады.
Бірлік, Биназар ауылдық округтері әкімдерінің есебінде инвестиция тарту, шағын бизнесті дамыту, баға тұрақтылығын бақылау, мал басы, өндірілген өнімдер бойынша субсидия, несие алу, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, жол белгілерін орнату, ауыл көшелерін асфальттау, «Асар» жобасын дамыту, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту, бюджет қаржысының игерілуі, көлік салығының төленуі, жаңа жұмыс орындарын ашу, мектепті жөндеу, қысқы жылыту маусымына дайындық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қорғау, мерзімді басылымдарға жазылу жайы айтылып, слайд арқылы жиналғандарға көрсетілді.
Қос ауылдық округ әкімдерінің есебін тыңдаған аудан басшысы Әлихан Балқыбеков көңіл көншітпейтін кейбір мәселелерге сын-ескертпелер де айтып, жиынға қатысушыларды қордаланған барлық мәселелерді жүйелі жолмен дереу шешуге шақырып, жиынды қорытындылады.

Мойынқұм ауданы әкімдігі