Көктем – жаңару мен тазару айы

Көктем – жаңару мен тазару айы. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызды өзімен ерте келетін көктем әлемге әдемілік пен сұлулықты да ала келеді. Күн көзі күлімдеп, көк шыға бастағаннан-ақ, тыныш қарап жатпаған ата-бабамыз Наурыз мерекесін күтіп алуға ерте қамданған.

Тіршілік қайта тіріліп, жандансын деп айналаны тазартып, бұлақ көзін ашқан. Осыған орай, аудан жастары қарт, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ауласын тазалап, күл-қоқыстарын шығару жұмыстарын қолға алды. Шараға «Жасыл ел» жасағының жастары да қосылып, үлкенге құрмет көрсетуде.

Сарысу ауданы әкімдігі